Жаңалықтар

ЮНЕСКО кафедраларының кездесуінде

19.12.2022

Тәуелсіздік күні қарсаңында әл-Фараби кітапханасында "МедиаТДМ" платформасы, коммуникацияларды дамытудың халықаралық бағдарламасы (КДХБ) және Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдаған төрт жаппай онлайн курс (ЖАОК) жобасы салтанатты түрде іске қосылды. Бұл іс-шара Халықаралық Адам құқықтары күніне арналды, өйткені ақпарат алу құқығы бірінші кезектегі базалық бостандықтардың қатарында.

Ары қарай оқу >>

ЖАС ТІЛШІЛЕР БАЙҚАУЫ ЕРЕЖЕСІ

23.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электроды БАҚ кафедрасы 2023 жылдың 31 наурызда  Республикалық «Ұлан» газетінің қолдауымен 48-ші Жас тілшілер форумы аясында «Журналист болғың келе ма?» байқауын жариялайды.

Ары қарай оқу >>

PR КҮЗГІ МЕКТЕБІ МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛДЫ

04.11.2022

Жаһандық медиа және ақпараттық сауат апталығы аясында өткізілген PR Күзгі мектебін Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантаев ашты. Шара модераторы, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериштің баяндамасында айтылған бүтін қоғамның мүддесін көздейтін әлеуметтік ынтымақтастықтың, сенімділікті нығайтудың маңыздылығына тоқала келіп, қоғамның мәдени, технологиялық, білім беру және демократиялық дамуындағы медисауаттың рөлін ерекше атады, әлемдік қоғамдастық ерекше көңіл бөліп отырған мәселеге кафедраның да үн қосып, аталмыш шараны өткізіп отырғандығын тілге тиек етті.

Ары қарай оқу >>

«Шерхан Мұртаза – замана шындығын айтқан заңғар тұлға»

03.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Шерхан Мұртаза – замана шындығын айтқан заңғар тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Алқалы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары мен өкілдері, белгілі шетелдік және отандық ғалымдар қатысады.

Ары қарай оқу >>

LG компаниясының ҚазҰУ студенттеріне арналған «Брендтік коммуникация құралдары» атты ашық дәрісі

10.10.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Брендтік коммуникация құралдары» тақырыбында ашық дәріс өткізілді. LG EdTech білім беру жобасы аясында ұйымдастырылған және 160-тан астам студент қатысқан шараны LG Electronics Almaty Kazakhstan-ның корпоративтік маркетинг жөніндегі директоры Наталья Новикова жүргізді.

Ары қарай оқу >>