"KazNU-Intel" орталығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Intel корпорациясының Ресей және ТМД бойынша кәсіпкерлікті дамыту жайлы департаментінің директоры А.В. Авдеев арасында 2014 жылдың 26 мамырында іскерлік туралы келісім шартқа қол қойылған. Бұл жоба білімнің жинақталуына, дамуына және таратылуына, Intel корпорациясының жоғары өнімді есептеуіш және мобильді қосымшаларға арналған кадрлар даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттауға бағытталған білім беру бағдарламаларын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика – математика факультеті мен математика және механика ғылыми зерттеу институтының ұсынысы бойынша ашылған жоғары өнімді есептеулер KazNU-INTEL орталығының негізгі мақсатының бірі – Intel корпорациясының мамандарының қатысуымен ашық дәрістердің, семинарлардың өткізілуі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Intel компаниясының бірлескен жұмысы университетіміздің заманауи білім беру технологияларын дамытуда және жас мамандардың біліктілігін арттыруда үлкен рөл атқармақ.