Кеден кадрлары

КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ҮШІН КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ...... 

          Бүгінгі танда коптеген ата-аналардың алдында алуан түрлі мәселелер туындайды: бұл, баланың қайда білім алғаны дұрыс? Қандай мамандық таңдағаны дұрыс және ол мамандық оның болашағын қамтамасыз етедіма? Қандай университетті таңдағаны дұрыс және ол болашақта мойындаладыма? деген сұрақтар төңірегінде болады.

         Бүгінгі таңдау мотивациясы жалғыз ғана – ол, тұрақтылық.

         Кеден органдарындағы қызмет ету қай кезде де престижді болатын және солай болып қалуда. Кеден қызметінің болашағы Қазақстанның халықаралық экономикалық одаққа мұшелігіне орай көркендей түсуде. Қазақстанның Қытай және Ресей сияқты алыптармен көршілес болуы елеулі түрде тауар айналымын дамытуға және әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Елдің геосаясаттық жағдайы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Европаны біріктірген жаңғыртылған «Жібек жолына» кіруді ертеден-ақ болжаған еді. Жібек жолы арқылы тауар айналымы әрдайым кеңіп және дамып отырады, ал бұл өз кезегінде елдің экономикалық дамуына және халықаралық саясаттағы рөліне байыпты әсерін тигізеді.

         Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүшелігі халықаралық саудадағы көптеген процедураларға, соның ішінде кедендік бақылау мен рәсімдеу процедураларына елеулі өзгерістер енгізуге итермеледі. Мұның барлығы Қазақстанның кеден қызметінің рөлін анағұрлым көтере түсті.

         Бүгінгі таңда кеденші экономика, салық салу, бухгалтерия, логистика, халықаралық және ұлттық құқық аясында кең әрі терен білімді игерген болуы тиіс. Бұданда басқа, кеденші бірнеше тілді (мысалы, ағылшын және қытай) меңгерген, жануарлар және өсімдіктер әлемінен (тыйым салынған жануарлар мен өсімдіктерді кіргізуге немесе шығару жөнінде) хабардар болуы және де өнер бұйымдарын бағалай білуі тиіс.

         Бүгінгі кеденші оның үстіне бір қарағанда-ақ, адамды бағалап, ондағы контрабандашы немесе ланкес екендігін анықтай білетіндей психолог болуы тиіс. Дей тұра, кеден – бұл мемлекет бейнесі болғандықтан ол кеденшінің жүріс-тұрысына тікелей қатысты. Кеденшінің байсалды, білімді, байыпты жүріс-тұрысы тұтастай ел туралы пікірдің дұрыс қалыптасуының кепілі болады, ал елге келуші-бақылаушылардың саны барған сайын арта түсуде.

         Бұған қоса, кеденші, арнайы білімді де, тіркеу және бақылау жұмыстарының дағдысын да игерген болуы тиіс. Тергеу іс-шараларын жүргізе алып, сондай-ақ, сараптамын алуан түрін сараптай біліп, криминалистика аясындағы соңғы зерттеулерінен (биологиялық, химиялық, физикалық, медициналық) үнемі хабардар болуы тиіс. Бүгінгі кеденші арнайы ақпараттық теғнологияларды игермесе қызмет атқара алмайды. Кедендік рәсімдердің басым көпшілігі, атап айтқанда тіркеу, тану, мониторинг, сканерлеу қазіргі таңда Қазақстан шекаралары толық жабдықталған жаңа компьютерлік технологияларға өтті.

         Заманауи кеденші өмір бойына білім алады, және де оның карьералық өсуінің кепілі – оның базалық білімі болып табылады.        

         Бүгінгі таңда бүкіл әлем кеден органдары қызметкерлерінің арнайы дайындықтан өтуі тиіс екендігін мойындап отыр. Бүгінгі кеден – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздіктің бағыттарның бірі болып табылады.       Сәйкесінше, кеденшілерді дайярлау – бұл ұлттық мүдделерді қарауылында тұратын мемлекеттік қызметшілерді даярлау болып табылады. Нақ сол кеденшілер қазіргі таңда ланкестерді, наша контробандашыларын, заңсыз мигранттарды әшкерелейді.

         Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 15 жыл бойы «Кеден ісі» мамандығы бойынша болашақ кеденшілерді даярлықты жүргізіп келеді. Бұл уақыт ішінде біздердің Қазақстан Республикасы Кеден органдарымен достық қарым-қатынасымыз орнады, және олардың жүйесінде біздің түлектеріміз жұмысқа орналасып, қызмет атқаруда. Кеден ісі аясындағы мамандарға әсіресе еліміздің мемелекеттік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдайтын коммерциялық ұйымдар мен логистикалық компаниялар және т.б. жоғары қызығушылық танытуда.

ҚазҰУ-нің дипломының танымал болып мойындалуын Қазақстан ЖОО арасында оның жетекші орын алуы растайды. ҚазҰУ-нің «Кеден ісі» мамандығы көб жылдар барысында Ұлттық рейтингте бірінші орынды алып келеді. Біз халықаралық акредитация (FIBA акредитациялау Агенттігі) иегеріміз, бұл біздің дипломның өзі тектестер арасында алға шығуына мүмкіндік тудыралды. Қазіргі таңда біздер БСҰ (бүкіләлемдік сауда ұйымы) аккредитациясынан өтуге дайындық үстіндеміз, бұл өз кезегенде ҚазҰУ «Кеден ісі» мамандығы дипломының бүкіл әлемде мойындалуына септігін тигізеді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Кеден, қаржы және экологиялық құқық»

кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор

Жатқанбаева А.Е,