Start-up

Start-up

Старт-ап –дамып келе жатқан және өз бизнесі бар немесе жаңа инновациялық идеялар негізінде, жаңа пайда болған технологиялар негізінде (әлі заңды тұлға болмауы да мүмкін) жаңа құрылған компания.

 

Жаңа старт-ап құруға жаңашыл идеялар негіз болып табылады.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттердегі бизнес-инкубаторлар арқылы, жалпы университеттік бизнес-инкубаторлар және технопарк арқылы жүзеге асырылатын старт-ап компанияларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

 

Жыл сайын университетте студенттік бизнес инкубаторлардың инновациялық жобалар конкурсы өткізіледі. Университетте 20-дан аса Start-up компаниялар жұмыс істейді.

 

ҚР – да старт-ап компанияларға қолдау атқарушы органы Автономды кластерлі фонд (АКФ) болып табылатын Инновациялық кластер Tech Garden арқылы жүзеге асырылады, қатысушылардың инновациялық қызметін қолдау үшін қаржылық инструмент жер қойнауын пайдаланушылардың, фондтардың, даму институттарының аударымдарынан жиналады.