Ғылымды қажет ететін технологиялар мен инжиниринг кластері

Ғылымды қажет ететін технологиялар мен инжиниринг кластері

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан жағдайындағы жоғары технологиялық өндірістерді құру аймағы бойынша әлемдік тәжірибенің бейімделуі жалғасуда. Осылайша, 2016 жылы ғылыми зерттеулер мен оларды әзірлеу мүмкіндіктерін әрі қарай дамыту, сондай-ақ ғылымды қажет ететін технологиялар бойынша жаңа өндірістік технологияларды игеру үшін, құрылымына Ғылыми-технологиялық парк, Үдерістік инновациялар орталығы (Инжиниринг және коммерциализация орталығы) және «Жасыл технологиялар» орталығы кіретін ғылымды қажет ететін технологиялар мен инжиниринг кластері құрылды.

Ғылыми-технологиялық парк университет ғалымдарының инновациялық әзірлеу жұмыстарына қолдау көрсетуге және ҚазҰУ студенттерінің арасынан стартап компанияларды дамытуға жағдай жасауға бағытталған. Ғылыми-технологиялық парк негізінде 20-дан аса стартап компаниялар, 12 студенттік бизнес-инкубаторлар, 6 лаборатория және 6 ғылыми орталықтар жұмыс істейді.

Үдерістік инновациялар орталығы (Инжиниринг және коммерциализация орталығы) ҒЗТҚЖ-ны бірлесіп іске асыру үшін бизнес пен ғылымның шетелдік және қазақстандық өкілдерін тарту мақсатында, университеттің оқытушы-профессорлық құрамының үздіксіз біліктілігін арттыру жүйесін жүзеге асыру мақсатында құрылған. Орталық тапсырыстарды заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды қолдана отырып жобалардың шаруашылық шарттарының аясында жүзеге асырады.

«Жасыл технологиялар» орталығы «жасыл энергетика» бойынша инновациялық жобаларды жүзеге асыратын, энергия алуға түрлі технологиялар: жел, күн, гидро- және геотермальді, биогазды энергетика түрлерін пайдалана отырып заманауи технологиялар мен ғылымды қажет ететін инжиниринг негізінде мамандарды дайындауды жүзеге асыратын қалалық «ШАҒЫН-ЭКСПО» қамтиды. Осыған орай, орталық аумағында энергия көздеріне қажетті барлық қызмет шоғырландырылған: жылу сорғысы, биогаз алуға арналған қондырғы, жел генераторлары.

«Plant Factory» («Өсімдік фабрикасы») инновациялық технологиясы бойынша гидропоникада өсімдік өнімдерін өсіретін технологиялық режимдер қолдана отырып гүлді-декоративті және жидек-көкөністі өсімдіктер өсіруге арналған энерготиімді жылыжай құрылған. Жылыжай кешенінің құрылуы генетико-селециялық және басқа да тәсілдерді қолдана отырып, сондай-ақ шаруашылық-құнды өсімдіктер негізінде тұқымның резервтік банкын құрып, университеттің SmartCity фитодизайнына арналған гүлдерді өсіруге және де қызметкерлер мен университет студенттерін ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа тәсілдеріне үйретуге бағытталған.

Презентация Ғылымды қажет ететін технологиялар мен инжиниринг кластері.pdf