Алматы қ. ЖОО-лар ректорларының семинар-кеңесі

Қыркүйектің 7-жұлдызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Керемет» Студенттерге қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы Д.Таумұратов пен Алматы қаласының барлық ЖОО-лары ректорларының қатысуымен семинар-кеңес өтеді.

Жиын барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұсыныстары қарастырылады. Атап айтар болсақ білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» жобасының жүзеге асыру тәжірибесі талқыланатын болады.

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі.

Өтетін орны мен күні: 7 қыркүйек күні сағат 11: 00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Керемет" СҚКО 204 аудитория.

Байланыс телефондары: 8 (727) 377 3148; 8701 801 86 88 

Басылым күні :  07.09.2018