Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық сағат өтті

29.11.2017

Көрулер: 5363

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық сағат өтті. Шара 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған.

Заң факультетінің ұстаздары студенттерге қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою маңыздылықтарын түсіндірді. Заң факультетінің доценті Айгүл Қаратаева айтқандай, бүгіні таңда аталмыш мәселе бойынша мемлекет көптеген жұмыстар атқаруда. Бұл мәселеде жастардың да атқарар рөлі зор, өйткені жастар ЖОО-да өз құқықтарын толыққанды біліп, азаматтық жауапкершілігін танытуы тиіс.

Қазіргі таңда ҚазҰУ-да «Жемқорлықтан тыс университет» жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар қарқынды түрде атқарылуда. Бұл студенттер арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша жаңа бағытта тәрбиелеу үрдісінің форматы.

Шара барысында спикерлер университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға тоқталып, ұстаздар мен студенттердің мәдени корпоративтік, студенттің ар-намыс кодекстерімен таныстырып, студенттер үшін көкейтесті сұрақтарға жауап берді. Атап өту керек, «Азаматтық бақылау» жобасы аясында "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығында қоғамдық бақылау жұмыс жасайды. Кез келген адам кеңес алуға немесе сыбайлас жемқорлықтың деректері жайлы хабарлай алады.

Баспасөз қызметі