Әлеуметтiк - тәрбиелiк жұмыс

Абай атындағы опера және балет театры

    2018 жылдың 4 қарашасы Медицина және денсаулық факультеті эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының оқытушылары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында 1-ші курс ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттармен «Бахчисарай фонтаны» атты 3 шығармадағы «Бахчисарай фонтаны» А.С. Пушкин. Көптеген жағымды эмоциялар, сезімдік және интеллектуалдық тәжірибе бар.

Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында дәстүрлі «Ана тілі аруы» «Жігіт сұлтаны» - 2018 байқауы өз мәресіне жетті.

«Ана тілі аруы» «Жігіт сұлтаны» - 2018 атағы үшін 15 факультеттен 7 ару мен 7 сұлтан сынға түсті. Қатысушылардың барлығы да ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, халқымыздың дәстүрін, тарихы мен мәдениетін жақсы білетінін және ардақ тұтатынын аңғартты.

Байқау үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде – университеттің 500-ге жуық қыз-жігіттері өтініш білдіріп, олардың 50-і 2-ші кезеңге жолдама алды. Екінші кезеңде қатысушылардың бойындағы білімі мен шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік берілді.

Арулар өз қолдарынан қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп, жәрмеңке өткізді. Жиналған ақша қорына жетім балалар үйіне қайырымдылық іс-шаралар жасалды. Ал жігіттер жағы қол күрес, арқан тарту сияқты спорт сайыстарына қатысып, өздерінің күш-жігерлерін танытты.

Қорытынды кеште сәлемдесу, сұрақ-жауап кезеңі, өнер сайысы және сән байқауы сын тезінен өтті.

Сайысқа «Ана тілі» республиклық газетінің бас редактордың бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай, бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, «Қазақстан» ұлттық арнасының продюсері Жаңыл Асылбекова, сазгер Марат Омаров, «Ана тілі аруы және Жігіт сұлтаны» жобасының демеушісі «DANA NABI» сән үйінің директоры Дана Наби, спикер, Қазақстандық ең жас миллионер Аманжол Рысмендиев қазылық жасады.

Кеш барысында дүниенің кеңдігі мен пейіліне «Бір кем дүние» деп баға беріп кеткен заңғар жазушы Ш. Мұртазаға өз туындысын арнаған халықаралық қатынастар факультетінің студенті Гүлдана Молдаштың «Сен мұңыңды бер маған» мюзиклі, тарих, археология және этнология факультетінің Шымыр Райымбергеновтың «Жұмыр қылыш» қойылымы, журналистика факультетінің студенті Маликұлы Нұртілеу мен қазақ журналистикасына еңбегі сіңген ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлының «Біз Мағжан сенген жастармыз» қойылымы, физика-техника факультетінің студенті Аида Серикованың «Қазақстаным алға» әні көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша үшінші орынды филология және әлем тілдері факультетінің студенті Зарипов Бейбарыс пен халықаралық қатынастар факультетінің студенті Молдаш Гүлдана, ал екінші орынды журналистика факультетінің студенті Маликұлы Нұртілеу мен филология және әлем тілдері факультетінің студенті Тойбазар Аяжан иеленді. Физика-техникалық факультетінің студенті Есенбек Нұрлан мен журналистика факультетінің студенті Аружан Аманжолова жүлделі бірінші орын иегерлері атанды. Сондай-ақ, «DANA NABI» сән үйінің компаниясы ұсынған сыйлықтарға ие болды. Байқаудың Гран-приі және «Ана тілі аруы» атағына физика-техникалық факультетінің студенті Аида Серикова ие болса, тарих, археология және этнология факультетінің студенті Шымыр Райымбергенов «Жігіт сұлтаны» атанды. Байқаудың жеңімпаздарына  «Limon.kz» компаниясының арнайы жүлдесі – Түркістан қаласының тарихи мекендеріне жолдама сыйға тартылды.

Өнер сүйер қауым талапты жастарға ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Салауатты өмір салты

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті тек қана сапалы біліім берумен ғана шектелмей, білім алушыларға салауатты өмір салтын ұстануға насихаттайды.Тимирязев көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған аллеяда орналасқан тренажерларға сабақ басталғанға дейін спортпен шұғылдануға мүмкіндіктер жасалған. Спортпен айналысу,бүкіл ағзаға жағымды әсер ететіндіктен, бақыт гормонының бөлінуіне ықпал етеді. Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының ғылыми-педагогикалық бағытының магистранттары салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде, сабақтың алдында осылайша спортпен шұғылданады және барлық қатысушыларды спортпен шұғылдануға шақырады!