Магистратура

Магистратура


6M110500 –  «Медициналық-профилактикалық іс» 

мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі

 

Шифры:       6М110500

Атауы:          Медициналық-профилактикалық іс 

ФакультетіМедициналық – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі 

Біліктілігі:   «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша медицина ғылыымдарының магистрі

 

СИПАТТАМАСЫ:

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

- медицинаның нақты саласында магистранттардың теориялық және практикалық жеке дайындығын тереңдету, кәсіби құзыреті, ғылыми және педагогикалық толық  және  сапалы білім алу

- білім алушылардың барлық белсенді өмірлік қызметінде жетілдіру өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілеттерін, жаңа білімді өз бетінше шығрмашылықпен меңгеру қажеттілігі мен дағдыларын  қалыптастыру;

-  жоғары деңгейлі кәсіби мәдениетті мамандарды, соның ішінде азаматтық көзқарасы қалыптасқан кәсіби қарым-қатынас мәдениетін, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті, жоғары оқу орнында сабақ бере алатын, зерттеу және басқару қызметтерін табысты жүзеге асыра алатын мамандарды даярлау;

- үнемі дамып отыратын әлемде кәсіби икемділігіне кепілдік беретін ғылым тоғысында магистранттарды фундаменталды біліммен қамтамасыз ету;  

- ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу дағдыларын, докторантурада ғылыми жұмыстарын жалғастыру үшін қажетті базалық білімді алу;

 - жоғары оқу орны педагогикасы және психологиясы саласында қажетті білім минимумдарын, жоғары оқу орынында сабақ беру тәжірибесін алу.

Кәсіби қызметі:

Оқу курсын толық бітірген магистратура түлегі фундаменталды, ғылыми және кәсіби дайындыққа ие,  заманауи ақпараттық технологияларды, ғылыми ақпараттарды алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса меңгерген, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді қалыптастыра алады және шеше біледі, таңдаған ғылыми мамандығы бойынша  ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлай алады және жүргізе біледі, жоғары оқу орнында сабақ бере алады, зерттеу және басқару қызметтерін табысты жүргізеді.


Магистратура түлектерінің кәсіби қызмет нысандары:
- денсаулық сақтау басқармасы органдары;
- мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет  ұйымдары (санитариялық-эпидемиологиялық стансалар, зарарсыздандыру стансаларыи, обаға қарсы мекемелер, санитариялық-карантинді және санитариялық-бақылау пункттері);
- емдеу-профилактикалық ұйымдары, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары;
- ғылыми ұйымдар;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
- денсаулық сақтау басқармалары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары.


Мамандығы 6М110500 – Медико-профилактикалық іс

Бағдарлама ҚР  Ұлттық  реестріне кірген,   ASIIN, халықаралық  аккредитациялық агенттігінің тарапынан аккредитациядан өтті.

Оқыту деңгейі: магистратура – профильдік (1-1,5 жыл), ғылыми-педагогикалық (2 жыл).

Емтихандар: шет ел тілі (тест), мамандық бойынша емтихан (жазбаша түрде)

Оқыту түрі:  күндізгі,  қашықтықтан оқыту компоненті бар аралас оқыту түрі,  аймақтарға шығу; Оқыту 3 тілде жүргізіледі.

Оқуға түсу кезінде қойылатын талаптар:  базалық медициналық білімінің болуы;

Бітіру кезінде  бітіруші  Медико-профилактикалық іс  мамандығының  магистрі, медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіндегі дипломға ие болады.

Оқыту 2 траектория бойынша жүргізіледі:

  1. Гигиена.

  2. Эпидемиология.

Бағдарламаның  қысқаша  мазмұны: ҚР  тұрғындарының  санитарлық- эпидемиологиялық қолайлылық аумағындағы заңнамасы,  медициналық көмек көрсетумен байланысты жұқпалар эпидемиологиясы,  биоқауіпсіздік және  биоқорғаныс, жұқпалы және жұқпалы емес  аурулардың алдын алу, тағам азықтарының  қауіпсіздігіне  санитарлық эпидемиологиялық бақылау жүргізу, тауарлардың  сапасы мен қауіпсіздігін гигиеналық бағалау; 

Мамандық  6М060500 – ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА

Бірлескен білім беру бағдарламасы 6М060501 - МЕДИЦИНАЛЫҚ ФИЗИКА

Бағдарлама Қазақстан Республикасының Ұлттық реестіріне кірген ASIIN халықаралық аккредитациялық агенттіктен аккредитациядан өткен.

Білім беру деңгейі: магистратура – бейінді (1-1,5 жыл), ғылыми-педагогикалық  (2 жыл).

Емтихандар: шетел тілі (тест), мамандық бойынша қабылдау емтиханы (жазбаша түрде).

Қабылдау кезіндегі талаптар: бакалавриат – ядролық физика.

Бітірген кезде түлектер жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілуімен Диплом алады.

Оқыту формасы: күндізгі, аралас, дистанциялық компонентімен, региаодарға шығумен. Оқыту 3 тілде жүргізіледі.

Оқыту 4 траектория бойынша жүргізіледі (оқыту мерзіміне байланысты):

  1. Сыртқы дистанциялық сәулелі терапия кезіндегі сәулелену дозиметриясы. Дозаларды өлшеу.

  2. Сәулелі терапия – сыртқы дистанциялық сәулелі терапия әдісі. Терапия мен визуализация үшін құрал-жабдықтар. Құрал-жабдықтың сапасын қамтамасыз ету. Жұмыс регламенттері.

  3. Сыртқы дистанциялық сәулелі терапия процедураларын жоспарлау.

  4. Брахитерапия. Сапасын қамтамасыз ету. Қабылдау сынаулары. Сапасын бақылау. Процедураларды жоспарлау.

Барлық траекториялар үшін міндетті тақырыптар:

1.Клиникалық тәжірибеге кіріспе. Радиобиологияның клиникалық аспектілерінің негізін түсіну. Қатерлі ісіктер мен радиациялық онкология негіздері. Анатомия.

2. Радиациялық қауіпсіздік пен қорғану. Негізгі талаптар. Регламенттер. Сәулелену көздерінің қауіпсіздігі. Радиациялық қорғану принциптері.

3. Мамандандырылған зерттеулер мен сапа менеджменті.