Тарихы

 

Агробиостанция 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

 


                         

Орналасқан жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке елді мекені, Жаңаталап ауылы. Байланыс тел. 8-727-3935860 Құрылған жылы: 1943 ж(АБС, Құрамыс ауылы), 2009 ж бастап (АБО, Жаңаталап ауылы) Негізгі қызметі. Студенттердің ғылыми зерттеу және инновациялық оқу,далалық тәжірибе жүргізетін орны. Басшылық құрылым: Биология және биотехнология факультетінің деканы, Өндірістік департаменті және куратор-Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі проректор арқылы іске асады.  Өткен ғасырдың 1940-шы жылдары С.М. Киров атындағы КазМУ оқу істері жөніндегі проректоры (1943-47), әрі ректоры. (1961-1966) академикТ.Б. Дарканбаевтың (1910-1987) ұйғаруымен құрылды. 1943-2008 жж. Агробиостанция (АБС) Алматы облысы, Қарасай ауданы, (Құрамыс ауылында) орналасты. АБС базасында Биология факультетінің белгілі ғалымдары жетекшілік еткен студенттер мен аспиранттардың ғылыми жұмыстары жүргізілді.Атап айтсақ:Агеева Н.Т. (ботаник), Байтулин И.О. (ботаник-ризолог), Бияшев Г.З. (генетик-эволюционист),. Дарканбаев Т.Б (биохимик), Инюшин В.М. (биофизик), Лысенко М.К. (биохимик), Моисеев Г.В. (ботаник),.Тажин О.Т (генетик) Уварова З.А. (физиолог), Удольская Н.Л.(генетик-селекционер),т.б.Студенттер мен аспиранттардың практикасы және ҒЗЖ жүргізілуі Ғылыми Кеңес пен Биология факультетінің назарында болды. Қазіргі уақытта АБО оқу- инновациялық бағытта факультеттегі 4 ірі кафедрамен және 2 ҒЗИ, яғни (Экология, Биология және Биотехнология мәселелері) бірге қызмет атқарады. Әр жылы ректордың бұйрығымен АБО- ны басқару ісі биология факультетінің оқытушы профессорлар құрамынан тағайындалады.          

2009 жылдан бастап Агробиоорталық Алматы облысы, Іле ауданы, Жаңаталап ауылына көшірілді. Жалпы аумағы – 10 га. Орталықта аудиториялы оқу корпусы, 50 орындық жатақхана, Агробиоэкологиялық лаборатория, сорғы және дизельді станция, сақтау қоймасы мен , ауылшаруашылық техникалары (тракторлар), жүк көлігі, шеберхана, автотұрақ, ТП-0.4кв, барлық коммуникациялық қажеттіліктермен соның ішінде энергоқамтамасыз ету, байланыс, су жүйелері, кәріз құбыры мен өрт қауіпсіздігі сақталған. Нысан газбен қамтамасыз етілген.

 

Ғылыми – инновациялық жұмыстар мен студенттер практикасы биология және биотехнология факультеті деканына бағынады. Барлық АБО қатысты басшылық ғылыми- инновациялық істер жөніндегі проректор арқылы іске асады.