«ТӨЛЕН ӘБДІКОВТІҢ ПАРАСАТ ӘЛЕМІ»
23.11.2017
Көрулер: 1770
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Көрнекті қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлен Әбдіковтің 75 жылдығына арналған «ТӨЛЕН ӘБДІКОВТІҢ ПАРАСАТ ӘЛЕМІ» атты әдеби-шығармашылық кеші өтті. Шығармашылық кештің мақсаты - көрнекті жазушы, драматург Т.Әбдіковтің шығармашылығын қазіргі заман тұрғысынан терең тану арқылы ҚР Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының негізінде тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа дәуірдің зиялысының болмысын бағамдау, мән-маңызын ашу болатын. Залда отырған студент жастар кешке қатысып, сөз сөйлеген жазушылардың, ғалымдардың сөздерін ыстық ықыласпен тыңдап, өте жылы қабылдады |