«Қазақ тілі тарихы: рухани жаңғыру негіздері»

03.11.2017

Көрулер: 1601

2017 жылдың 3-4 қарашасында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі тарихы: рухани жаңғыру негіздері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға болып өтті.  Конференция филология ғылымдарының докторы, профессор М. Томановтың  туғанына 85 жыл толуына   байланысты өткізілді.

Конференцияға Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушы-профессорлары мен ізденушілері қатысты. Сонымен қатар, еліміздегі жоғары оқу орындарының, арнаулы білім беру орындарының және Минзу (Қытай), Анадолы (Түркия) т.б. шетел университеттерінің өкілдері онлайн қатысты.