Студенттік өмір

2020 жылдың 14 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің 2 курс 206 тобының студенттері өздерінің куратор-эдвайзері А.А.Арынмен бірге «Айналаңды нұрландыр» және «Қайырымды қоғам» жобаларының негізінде, Алматы қаласының аз қамтамасыз етілген отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.

Аталған қайырымдылық іс-шарасының мақсаты волонтерлықты дамыту, көмек көрсету.

10 наурыз 2020 жылы қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары мен «Шапағат» студенттік волонтерлық клубының студенттері біріге отырып, Алматы қаласы, Медеу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында құқықтық көмек көрсетті.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандумның ережелерін жүзеге асыру аясында, "2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасының" 16 тармағына сәйкес, 20 ақпан 2020 жылы Заң факультетінің 3 курс студенттері Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметімен танысу үшін ЛА-155/8 мекемесіне барды.

2020 жылдың 29 қаңтарында Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы "Қазақстан Республикасының Бірінші Конституциясы - 27 жыл"тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты-Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясының тарихи рөлін түсіндіру. "Дөңгелек үстел" өтті семей қаласының № 18.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және "Sanaly urpaq" республикалық жобалау офисімен бірлесіп, 2019 жылдың 26 қарашасы мен 6 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы және шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері" пәні бойынша on-line олимпиадасын өткізді.

Олимпиада ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен үш кезеңде өткізілді.

Бірінші кезең - 2019 жылғы 26 қарашадан 2 желтоқсанға дейін Олимпиаданың қатысушыларын on-line тіркеу

Екінші кезең-Олимпиада екі турда өтеді

Бірінші тур-тестілеу

Екінші тур-on-line режимінде өтті. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту" тақырыбында ғылыми жобаның бейнефайлын ұсыну қажет болды»

 

5 қазан 2019 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 3 курс студенттері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығында болды. Болашақ заңгерлер алдында Алматы қ.ІІД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция подполковнигі Болгумбаева Анель сөз сөйледі. Экскурсия қызметтің пайда болу тарихы және қазіргі кинологтардың жұмысы туралы әңгімеден басталды. Осыдан кейін балаларды полигонды, жаттығу кешенін, серуендеуге арналған ауланы және ветеринарлық клиниканы қарауға шақырды. 

«Культ здорового тела» жобасының негізінде Турген шатқалына бару

Шараның мақсаты: студенттерге еліміздің әдемі табиғатын, тарихи жерлерін көрсетіп, оларды таныстыру, салауатты өмір салтына баулу.

Өткізу уақыты: 25 қазан 2014 жыл, сағат 10.00

Өткізу орны: «Тургень» шатқалы

 

«100 кітап» жобасының негізінде Қ.Жұмаділовтың «Тағдыр» романын талқылауға арналған дөңгелек стол

Шараның мақсаты: Қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалардағы типтік образдарды қолданудағы жазушы тілінің көркемдік ерекшелігі, өзіндік портрет жасаудағы шеберлігін қарастыра отырып зерттеу.

Өткізу уақыты: 12 наурыз 2015 жыл, сағат 15:00.

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің 422 аудиториясы

 

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасының негізінде Алматы қаласының №1балалар үйіне барып, «Сен және сенің құқығың» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізу

Шараның мақсаты: оқытудың тәжірибелік-бағытталған әдістерін жүзеге асыру шеңберінде болашақ заңгер тұлғасын қалыптастыру, волонтерлықты дамыту, студенттердің рухани-адамгершілік қасиетін дамыту, балаларға көмек көрсету.

Өткізу уақыты: 18 наурыз 2015 жыл, сағат 10.00

Өткізу орны: Алматы қаласының №1 балалар үйі


«Культ здорового тела» жобасының негізінде «Боулинг орталығында» өткізілген боулинг бойынша жарыс

Шараның мақсаты: боулинг орталығына бару, жастарға бұл ойын түрін таныстыру, үйрету, салауатты өмір салтына баулу.

Өткізу уақыты: 7 наурыз 2015 жыл, сағат 19.00

Өткізу орны: «Метро» ойын-сауық клубы

«Бір ел» Кіші студенттік Ассамблеясы Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясымен біріге отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай «Корея халықтарының мәдениет күндеріне» арналған мерекелік іс-шара

Шараның мақсаты: ұлтаралық татуластықты тәрбиелеу, корея халқының мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.

Өткізілу уақыты: 19 наурыз 2015 жыл, сағат 12.00

Өткізу орны: КазҰУ-нің заң факультеті, 4 этаж.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Түлектер Ассациациясының шеңберінде Алматы қаласы, Медеу аудандық прокурорының көмекшісі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінің 2012 жылғы түлегі Ш.М.Рсалинмен кездесуге арналған дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары

Шараның мақсаты: студенттерде деген құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы қалыптастыру, осы салада қызмет істейтін тәжірибелік қызметкерлермен сұхбаттасу, заңи білімдерін одан әрі дамыту құқықтық тәрбиені қалыптастыру, антиқоғамдық тәртіптің алдын алу.

Өткізу уақыты: 20 наурыз 2015ж., сағат 14.00

Өткізу орны: ҚазҰУ-нің заң факультетінің 411 аудиториясы