Студенттік өмір

Экономика және бизнес жоғары мектебінде әлеуметтік-тәрбиелік жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тәрбие жұмысы жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес ұйымдастырылған.

 

Студенттермен мәдени-тәрбие жұмыстары тікелей сабақ уақытында да, топта, сонымен қатар олардың оқудан бос кездерінде жүргізіледі. Осы тұрғыда патриоттық, оқу, еңбек және мәдени-эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлінеді.

 

Кафедраның тәрбие жұмысының негізгі компоненттері университеттік білім беру деңгейіндегі шығармашылық, бәсекеге қабілетті, өзін шығармашылық тұрғыда ылғида жетілдіруге талпынатын интеллигент тұлғаны қалыптастыруды негізге ала отырып жобаланады және жүзеге асырылады.

 

Оқу-тәрбие жұмысын тұрақты түрде жүзеге асыру үшін университетте эдвайзерлер институты жұмыс істейді. Оқу жылының барысында эдвайзерлер студенттердің білім беру бағдарламаларын меңгеру үрдісін қолдау мақсатында олармен ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

 

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес

  • - студенттердің қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына;
  • - сапалы білім алуды насихаттауға;
  • - жеке жауапкершілікті қалыптастыруға;
  • - азаматтық ұстанымын нығайтуға;
  • - позитивті құндылықтық бағдарларын дамытуға;
  • - шығармашылық белсенділігін шыңдай түсуге;
  • - ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіруге;
  • - салауатты өмір салты туралы көзқарасын қалыптастыруға;
  • - рухани және тәндік тұрғыда өзін-өзі жетілдірудің дағдыларын бойына сіңіруге;
  • - корпоративті бірлік сезімін қалыптастыруды қолдауға бағытталған әртүрлі жұмыстар жүргізіліп келеді. 

 

Факультеттегі тәрбие жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі:

  • - эдвайзерлік топтардағы кураторлық-эдвайзерлік қызмет;
  • -жалпы факультеттік және жалпы университеттік іс-шараларда қатысу;
  • - жатақханадағы тақырыптық кезекшіліктер.

 

Көрсетілген бағыттар бойынша тәрбие жұмысын жүргізудің келесі нысандары бар:

  • - студенттердің үлгерімдері мен оқу үрдісінің барысын бақылау жүргізу;
  • - студенттердің басшылық пен кафедра оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру;
  • - студенттердің конференцияларға, конкурстарға, семинарлар мен жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету және т.б.

 

 

1. "Қаржы және есеп" кафедрасы

2. "Экономика" кафедрасы

3. "Бизнес-технологиялар" кафедрасы

4. "Менеджмент" кафедрасы