Факультет туралы

 

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі: негізгі  фактілер

 

 –  1949 жылы негізі қаланған, ең алғашқы деканы – ғылымына еңбек сіңірген  қайраткер Федор Алексеевич Жеребятьев.

 –  Қазақстан Республикасындағы экономикалық мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар, магистрлер мен Ph.D. докторларын дайындайтын ең үлкен және ең   алғаш құрылған орын.

 – Профессорларлық-оқытушылық құрам әрі беделді ғалымдар, әрі келешегі зор жас ғалымдардан тұрады, олар өз кезегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әртүрлі уақытта жұмыс істеген танымал отандық экономистердің ізін қуып, ғылыми дәстүрлерін жалғастырып келеді.

 – 70-жылға жуық тарихында экономикалық профильдегі 15000-нан астам маман, 270 ғылым докторлары мен кандидаттарын, 2000 магистрлер мен Ph.D. докторларын   дайындап шығарды.

 –  Жыл сайын мемлекеттік білім грантының иегері атанған абитуриенттердің жартысынан астамы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебін   таңдайды. Себебі:

  • біздің түлектеріміз табысты әрі бәсекеге қабілетті және бизнес, ғылым, білім салаларында, ұлттық және шетелдік компанияларда, мемлекеттік қызметте  жоғары сұранысқа ие;
  • біздің студенттер, магистранттар мен докторанттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алып, өздеріне қолайлы жеке оқу траекториясы мен оқыту формасын таңдай алады
  • біздің студенттер екі дипломдық білім беру бағдарламалары арқылы шетелдік әріптес университеттің де дипломын алу мүмкіндігіне ие;
  • біздің студенттер оқудың бірінші күнінен бастап ғылыми-зерттеу қызметіне, жетекші ғалымдардың ғылыми жобаларына қатыса алады;
  • біздің студенттер университеттің қоғамдық өміріне белсенді ат салыса отырып, өздерін ары қарай жетілдіруге, жан-жақты дамытуға мүмкіндік алады.

 

ХХІ ғасыр экономистеріне білім берудің қара шаңырағына қош келдіңіздер!