Жаналыктар

«Креативті PR-маманы» атты студенттер олимпиадасы өтті

04.05.2023

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша «Креативті PR-маманы» тақырыбында пәндік олимпиада өтті. Шараның мақсаты: қоғаммен байланыс мамандықтарының сапасын арттыру және талантты, білімді, үздік студенттерді анықтау. Сонымен қатар студенттердің өзіндік креативті ойлау қабілетін арттыру, ақпарат ғасырына бейімделген болашақ журналистер мен PR мамандарының жаңа медианы меңгеру деңгейін анықтау болды.

Ары қарай оқу >>

ТДМ аясында журналистік білім беру мәселелері талқыланды

14.04.2023

«Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері (MTIJ) атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Фараби оқулары аясында биыл жетінші рет өткізілді. Халықаралық ұйымдар мен академиялық орта өкілдерінің  және практик мамандардың пікірлерін тоғыстырып, тәжрибе алмасуға мұрындық болған ғылыми платформаның өзегін инновациялық технологиялар мен өнімдер, мәдениетаралық дискурс және олардың планетамыздағы шиеленісті және тұрақсыз жағдайдағы рөлі туралы тақырыптар құрады. 

Ары қарай оқу >>

Талапкерлерге PR бағытын түсіндіру

10.04.2023

2023 жылдың 14- ақпанында Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның халықаралық журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен профессианалдық бағыт бағдар беру мақсатында абитуриенттерге ақпарат беру жиналысы өтті. 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАН-МАЖАРСТАН ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

09.03.2023

Мажарстанда Дебрецен Университетінің тарих және этнография докторлық мектебі, этнография кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Мажарстан мәдени нарративтері, әлеуметтік және экономикалық әртүрлілік» атты ғылыми конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының халықаралық жобалары

01.03.2023

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының БҰҰ-Әйелдер өкілдігі және Коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасы аясында 2018-2022 жылдар аралығында орындаған халықаралық жобалары

Ары қарай оқу >>

PR мамандарының шеберлік дәрістері өтті

28.02.2023

Журналистика факультетінде студенттерге арнайы практик мамандарының дәрісі өтті. Мастер класқа 1-курс 6В03203 - «қоғаммен байланыс», 6В03202 - халықаралық журналистика мамандықтарының студенттері және «қоғаммен байланыс» топтарының 2-3 курс студенттері қатысты. Шеберлік сағаттың ұйымдатырушысы кафедра оқытушысы - Жүнісова Эльмира. Анайы шақыртылған тәжірибелі мамандар ҚР мемлекеттік хатшысы меңгерушісінің орынбасары- Ержан Байтілес және «Қазақстан» арнасының продюсері Сымбат Танашева қатысушыларға танымды әрі мазмұнды дәріс оқып, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Ары қарай оқу >>