Биологиялық мұражай

Биологиялық мұражай 1936 жылы биология­лық факультеттің зоология кафедрасы жанынан зоологиялық мұражай ретінде ашылып, кейін 1949 жылы факультеттің биологиялық мұражайы болып қайта құрылды. 1984 жылы университтің мұражайы ашылды. Мұражай 3 бөлімді үлкен залдан тұрады, онда 84 витрина орнатылған. Мұ­ражай қоры териологиялық, орнитологиялық және энтомологиялық бөлімдерден тұрады. Мұ­ра­­жайдың үлкен залында Қазақстан және Орта Азия тоғай ормандарының патшасы Тұран жол­барысының (Panthera tigris vigrata Illiger. 1815) экспозициясы қойылған. Бұл тек университеттің ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның мақ­танышы және зор ғылыми мәні бар жалғыз тұлып.

1. Табиғат зоналары

 

Диорамалар:

Іле Алатауы

Селеулі дала

Аралас орман

Сулы дала, суат

Құмды шөлейт

Сортаң, сор шөлейт

Тоғай

 

Панно:

Шөлейт түрлері

Ақбөкендердің мерзімдік миграциясы

 

Карталар:

Экологиялық системаның схемасы

Қазақстанның табиғат зоналары

 

ІІ. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциялық дамуы

Диорамалар:

Алғашқы қауым адамдарының тұрағы

Шарын шатқалында қазып алынған Іле түйеқұсы

 

Микродиорамалар эволюция бойынша

Панно:

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің геохронологиялықтаралуының негізгі тобы

Ұлы спиральды тіршілік

Құрылықтың ығысуы.

 

ІІІ. Табиғатты қорғау

Диорамалар экологиялық дағдарыс:

 

Австралия

Тундра

Мұхит жағалауы

Су тасқыны, сел

 

Картада қорықтардың көркем суреті.

Панно:

Қазақстан қорықтарының - 7 суреті.

Сирек кездесетін және жойылуға жақын өсімдіктер суреті

Жойылып кеткен жануарлар суреті

 

Витриналар:

 

Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер

Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар

 

ІҮ. Жануарлар мен өсімдіктер топтамасының жүйелілігі

Қойылған витриналарда:

 

Өсімдіктер дүниесінің жүйелілігі (2-ші қабатта)

Жануарлар дүниесінің жүйелілігі (1-ші қабатта)

 Мұражай қорындағы экспонаттарды; жалпы биология, ботаника, зоология, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жүйесі, морфология, фито-зоогеография, экология, табиғат байлықтарын пайдалану және табиғатты қорғау сабақтарында пайдаланады.

Мұражай ашылған күнінен бастап, осы уақытқа дейін оқу базасында, Қазақстанның табиғи қорын және мәдени түріндегі материалдарды сақтауда алатын орны ерекше.

Мұражайдың бағалы материалдық ақпараты тек биолог студенттері емес, басқа да көрермендерді қызықтырып тартады. Мұражай барлық Алматыдағы жоғары оқу орындарына, колледж, мектеп-гимназиялар мен қала маңындағы мектептерге танымал.

Мұражай қызметкерлері табиғаттанушылар мен орта мектептің биолог мұғалімдеріне кеңес жүргізеді.

Биология мұражайы жоғары білімділігімен оқу-тәрбие, ағарту, ғылыми зерттеу тартымдылығымен, кереметтілігімен Республикамыздың мақтанышы болады. Экскурсия қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мұражай - оқушылар мен мұғалімдерге, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге әр түрлі дәрежедегі делегацияларына шексіз із қалдыратынына сенімді!