Швецияның Қазақстандағы Елшісі Манне Вэнгборг
26.02.2016«Университеттеріңізге келу мен үшін қызықты болды. Швеция астанасында марапатталған Нобель сыйлығының лауреаттары Сіздің студенттеріңізге дәріс оқитынына қуаныштымын»
«Университеттеріңізге келу мен үшін қызықты болды. Швеция астанасында марапатталған Нобель сыйлығының лауреаттары Сіздің студенттеріңізге дәріс оқитынына қуаныштымын»
«Сіздің университетіңіздің экспозициясы және жоспарлары керемет әрі перспективалы болып табылады. Университетіңізге келіп, әріптестеріңізбен танысып, олардың жетістіктері мен жоспарларын талқылау мен үшін аса құрметті және маңызды болды. Жарқын болашақ тілеймін!»
«Университеттің мұражайы бойынша сапарларыңыз және тұрақты даму жөніндегі батыл жоспарыңыздың тарихы туралы әңгімеңізге үлкен алғысымызды білдіремін»
«Университеттеріңізге келіп, мен ҚазҰУ Қазақстанның ең ірі және төл университеті екеніне көзім жетті. Мені көргенім таң қалдырды. Мен тарихтарыңыздың керемет рухын және болашаққа деген батыл жоспарларыңызды толық сезіндім деп айта аламын! Оқу орындарыңыз атын иеленген Шығыстың ұлы ғұламасының асыл мұрасын жалғастырып, рет-ретімен дамып жатыр. Ізгі ниетпен және аса жоғары құрметпен!»
"Для меня это было начало богатого опыта в новой стране, также, начало красивой дружбы. Я был очень тепло принят господином ректором Галимкаиром Мутановичем".
"Қазақ халқының мәдениетімен танысып, Алматының сұлу тауларына көзім тоймай, 10 күнімнің қалай өтіп кеткендігін байқамадым".
«ҚазҰУ табыстарынан, жетістіктерінен және жоспарларынан қатты әсерлендім. Оқытушыларға, студенттерге және университеттің барлық ұжымына қызметтің барлық салаларында үлкен жетістік пен орасан табыс тілеймін»
«Университеттеріңізде іске асырылған және көркем мұражайыңызда көрініс тапқан идеяларыңыз бен технологияларыңыз таң қалдырарлық. Сіздің мұражайыңыз – қазақстандық білім мен ғылымның ұлттық мұрасы»
«Университеттің жетістіктері қатты әсер қалдырып қана қоймай, сөзсіз қазақстандық технологиялық ғажайып негізі мен іргетасы болып табылады»