Хабарландыру

«Әл-Фараби» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ –

БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

«Әл-Фараби» республикалық олимпиадасы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталы­ғының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетiнде (бұдан әрi – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) 2009 жылдан бастап жүргiзiліп келеді.

Бұл олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 45 мыңнан астам оқушы қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары және міндеттері - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, білімді насихаттау, дарынды оқушыларды қолдау, ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылықтарын дамыту және жастардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

Олимпиада жалпы білім беретін 12 пән бойынша өткізіледі:

математика, физика, химия, биология, география, информатика, Қазақстан тарихы және дүниежүзi тарихы, қазақ тiлі және әдебиеті, орыс тiлi және әдебиеті, ағылшын тiлi, немiс тiлі, француз тiлі.

Олимпиадаға ҚР білім беру мекемелерінің ( жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар ) 11-12 – сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада өткізудің кезеңдері мен ережелері  

-          Қатысушылардың www.kaznu.kz сайтының "Талапкерлерге" бөлімінде міндетті түрде тіркелуі.

-          Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:

І кезең on-line түрде өткізіледі

I кезең 30 сұрақтан тұрады, әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі;

ІІ кезең on-line түрде өткізіледі

ІI кезең 30 сұрақтан тұрады, әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі; ( 2-ші кезеңдегі пән бойынша тест сұрақтары

- ұсынылған жауаптардың біреуін таңдау;

- өз жауабын енгізу ретінде беріледі);

III кезең Алматы қаласында ҚазҰУ қабырғасында оқушылардың қатысуымен өтеді.

III кезең екі бөлімнен тұрады:

• эссе жазу, есептер шығару;

• ғылыми (қатысушылардың жоба бойынша жасаған жұмысы).

Олимпиаданың І, ІІ кезеңдерін өткізу ережелері:

Кестедегі белгілі бір уақытта қатысушы http://online-test.kaznu.kz сайтына кіреді.

Қатысушы 1 және 2-кезеңге интернетке шығу мүмкіндігі бар (мектепте, үйде және т. б.) жерлерде қатыса алады.

Қатысушы тіркелуден өтеді (өзі туралы деректерді тек кириллица қаріпінде толтырады, латынша толтырылған деректер қарастырылмайды).

Олимпиада жеңімпаздары: әрбір пән бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жеңімпаз атанады және ҚР БҒМ-нің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен марапатталады және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсу кезінде артықшылық құқыққа ие болады.

ҚазҰУ – жетістікке апарар жол!


ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

«Al-Farabi-kz» журналының 2018 жылға жазылу жалғасуда.

«Қазпошта» АҚ пунктерінде жазылуға болады,

журналдың индексі 74501

Заңдық мекенжай: Алматы қ. Әл-Фараби даңғ.71,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

тел: +7 (727) 292-57-17, ішкі:21-75

e-mail: gulnaz.kaznu@gmail.com