Музей түні

06.12.2018

Көрулер: 1885

«Археология, этнология және  музеология» кафедрасының оқытушылары, 2 курс магистранттары және ҚазҰУ музейінің қызметкерлерінің ұйымдастырумен "Музей түні" іс-шарасы ҚазҰУ музейінде аталып өтті. Кеш қонағы болып тарих факультетінің деканы М.С. Ноғайбаева, ҚазҰУ музейінің директоры Ардақ Жұмекеевна, археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Ғ.Қ. Омаров сөз сөйледі. Университет оқытушылары, студенттер мен келген қонақтарға сан алуан қызыққа толы бағдарламалар мен жанды қойылымдар ұсынылды. Мәселен, келушілерге түрлі ғасырларды қамтыған көрме мен интерактивті экспозициялар таныстырылды.  Музей түнінде көрмелерден бөлек, концерт ұйымдастырылды. Шығармашылық зертханада шеберлік сабақтары өтті. Онда қыш құмыра ісін, зергерлік бұйым жасалу барысымен танысып, көрермендердің өздеріне де жасап көруге мүмкіндік берілді.

Археология, этнология және музеология кафедрасы - М.С. Ноғайбаева, Т.Е. Қартаева, М.К. Егізбаева