І Халықаралық Фараби оқулары: университеттің жаңа дәстүрі, өз жұмысын бастады

02.04.2014

І Халықаралық Фараби оқулары: университеттің жаңа дәстүрі, өз жұмысын бастады.

Халықаралық Фараби оқулары университетте алғаш рет еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнының 80-жылдық мерейтойын тойлау аясында өткізіледі. Бұл дәстүр ғылым фестивалі форматында қайта жаңғыртылып, екі апта бойы жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференциялар, сессиялар, дөңгелек үстелдер, авторлық семинарлар, байқаулар өтеді. Пленарлық отырысқа ақын және ҚР мемлекет қайраткері Олжас Сүлейменов, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Жұрынов, мәдениеттанушы және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, жазушы Роллан Сейсенбаев, ҚР БжҒМ ғылым комитеті ғылыми-зерттеу институттарының директорлары – Әбсаттар Дербісәлі және Зарема Шаукенова, танымал отандық және шетелдік ғалымдар – А.Фишлер (Франция), Я.Айдынлы (Турция), А.Нысанбаев және басқалар қатысты.

Форумға қатысушылар ғылым мен білім берудегі бірігуді, рухани-адамгершілік және бүгінгі қоғамдағы интеллектуалды мәдениетті жақсартуды, аман-сау қоғам құрудағы Мәңгілік ел – ұлттық идеясы біріккен Қазақстан-2050 стратегиясындағы міндеттерді іске асыруды, өзекті мәселелерді талдайды.

http://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/6773/

выступление выступление
выступление выступление
выступление выступление