ҚазҰУ-де «Фараби әлемі» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жабылу салтанаты болды
11.04.2014
ҚазҰУ-де «Фараби әлемі» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жабылу салтанаты болды.
І Халықаралық Фараби оқуларының аясында ҚазҰУ-і «Фараби әлемі» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясының нәтижелерімен бөлісті. Конференцияға Қазақстаннан, Германиядан, Түркиядан, Индиядан, Япониядан және ТМД мемлекеттерінен келген 5 мыңнан аса студент, магистрант жас ғалымдар қатысты.
45 қатысушы мен 9 жеңімпаз, студенттік бизнес-инкубаторлармен өзге де инновациялық жобалар үшін диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттаған әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғ. Мұтанов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Е. Сыдықова,
ҚазГЮ М. Нарықбаев, ҚазҰАУ Т. Есполов, ХБА пррезиденті А. Қожахметов, КМІБИ президенті Ч. Бэнг, ҚазБТУ проректоры Р. Торгаев. Аталған тұлғалар ҚазҰУ-нің бастамасымен өткен, ҚР ЖОО ректорларының консорциумына қатысқан.
Конференция студенттердің, жас зерттеушілердің ғылымға деген зейінін ашу үшін, қазіргі заманғы ғылымның мәселелерін шешу жолында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру мақсатында өткізілді, сондай-ақ рсындай шаралар арқылы болашақ жастардың интеллектуалды күш-қуатын нығайту көзделеді.