«Болон үдерісінің ұстанымдары: білім беру реформаларын әкімшіліктендіру тәжірибелері»

23.05.2014

«Болон үдерісінің ұстанымдары: білім беру реформаларын әкімшіліктендіру тәжірибелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға ғылым және білім қауымдастықтарынан 700 өкіл қатысты.

ҚазҰУ-нің 80 жылдық мерейтойына байланысты өткізілген «Болон үдерісінің ұстанымдары: білім беру реформаларын әкімшіліктендіру тәжірибелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция қазақстандық және әлемдік ЖОО мен ғылыми институттардың назарын аударды. Конференцияға 700-ден астам қатысты.

Конференция мен мәжіліс жұмысының бағыттары – Қазақстандағы Болон үдерісінің ұстанымдары; ЖОО академиялық бостандықтың дамуы; халықаралық стандарттарға сәйкес жасалынған білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы тәжірибелер, сонымен қатар, сала бойынша біліктілік шеңбері мен кәсіби қауымдастықтың білім беру бағдарламаларын аккредитациялау мәселелері. Оқу-әдістемелік секция мәжілісінде электрондық оқулықтарды жасау, сараптамадан және өңдеуден өткізу мәселелеріде қарастырылды. Конференцияның барлық қатысушылары ҚазҰУ-н 80-жылдық мерейтоймен құттықтап, жоғарға оқу жүйесіне тың өзгерістер енгізіп, ғылыми жаңалықтар ашуына тілектес екенін жеткізді. «Қазақстандағы Болон үдерісі: білім беру реформаларын әкімшіліктендіру тәжірибелері» жоғарғы білім алу жүйесі мәселелері бойынша пікір алмасатын орталыққа айналды.