«Тұрақты адамзаттық дамудың жаңа парадигмасы. G-Global – жаһандық диалог үлгісі» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады
05.11.2014
«Тұрақты адамзаттық дамудың жаңа парадигмасы. G-Global – жаһандық диалог үлгісі» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады.
Бүгін ҚазҰУ-де «Тұрақты адамзаттық дамудың жаңа парадигмасы. G-Global – жаһандық диалог үлгісі» - атты халықаралық конференция, ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Жаһандық мәселелерді шешуге және қазіргі заманғы дамудың жаңа үлгісін талқылауға арналған үш күндік конференцияға беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері келді.
ҚазҰУ-мен бірге конференцияны ұйымдастырушылар ретінде Бүкіләлемдік Өнер мен Ғылым Академиясы, Бүкіләлемдік Университеттер Консорциумы және ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы, ал тең ұйымдастырушылар қатарында – Рим және Мадрид клубтары, Халықаралық Жасыл Айқыш, сондай-ақ, ірі халықаралық қоғамдық бірлестіктер, жоғары оқу орындары мен қорлар шығып отыр. Оның жұмысына ILO, ЮНЕСКО, ПРООН, OECD, Халықаралық Еуропалық Қозғалыс, Бүкіләлемдік Болашақ Даму Қоры және басқалар сияқты халықаралық ұйымдар да атсалысады
Көптеген жылдар бойы аталған форум Еуропа мен Америка елдерінде өткізіліп келді. Биылғы жылы ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша әлемдік деңгейдегі шара Қазақстанда, елдің жетекші университеті, тұрақты даму жөніндегі БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабына басшылық ететін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында ұйымдастырылып отыр.
БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабына басшылық ететін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Азия аумағында қауіпсіздік пен бірлікті сақтау мақсатында интеграциялық жуйені бастау мақсатында, ІІІ Азиялық ректорлардың форумын уйымдастырды.
Форумда 40 мемлекеттің өкілдері "Тұрақты даму бойынша жоспар үлгілерін" талқылады.