ҚазҰУ-де "ТЮРКСОЙ" кафедрасы ашылды

05.03.2015

ҚазҰУ-де "ТЮРКСОЙ" кафедрасы ашылды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен «Алматы – ислам мәденитінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында ТҮРКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілді.

Іс-шараға Түркия, Әзербейжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстанның елшіліктері мен консулдықтарының қызметкерлері, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған түркітілдес этномәдени бірлестіктер, сонымен қатар, ҚазҰУ ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысты.

Алматы қаласында түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы («ТҮРКСОЙ») 1993 жылдың 12 шілдесінде түркітілдес елдердің басшылығымен құрылған. «ТҮРКСОЙ» құрамына егеменді елдер, федералды субъектілер және автономды аймақтар кіреді, жалпы 16 қатысушысы бар. Ұйымның көпқырлы қызметі тек мәдени өзара алмасу мен «ТҮРКСОЙ-ға» мүше-елдер ауқымындағы әріптестікпен шектелмей, жер бетіндегі тұрақтылық пен бейбітшілік, келісімнің орнауына да ат салысады