ҚазҰУ-де ІІ Халықаралық Фараби оқулары басталды

07.04.2015

ҚазҰУ-де ІІ Халықаралық Фараби оқулары басталды.

ҚазҰУ-де ІІ Халықаралық Фараби оқулары форумы басталды. Форум Әбу Насыр әл‐Фарабидің 1145 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына, Ұлы Отан соғысы жеңісіне 70 жылдығына арналып отыр.

Форумға отандық және шетелдік танымал қоғам қайраткерлері қатысты: Б.Карлыга (Турция), А.Фишлер (Франция), Р.Жангожа (Украина), В.Сирос (Финляндия), Г.Стейрис (Греция), Р.Сейсенбаев, М.Отарбаев және тағы басқа қонақтар. Қатысушылар ғылым мен білімнің интеграциясы, ұлы ойшылдың көзқарасындағы қазіргі заманғы рухани-адамгершіліктің, мәдени интеллектуалдылықтың маңызыдылығы туралы талқылады. Іс-шараның айта кетерлік маңыздылығы, ұлы ойшылдың шығармалары топталған төрт томдықтың(«Добродетельный город», «Книга о музыке», «Аль-Фараби и современность», «Аль-Фараби библиографический указатель», «Книга о разуме», «The Book of Mind», «Әл-Фараби және қазіргі заман», «Бақыт туралы кітап») бірінші кітабының тұсаукесері өтті. Бұл басылым «әл-Фараби» орталығы мен Халықаралық Абай клубының дайындауымен әл-Фарабидің туғанына 1145 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ қатысушылар назарына әл-Фараби туралы деректік фильм ұсынылды: «Al Farabi, the second master» (the Dutch TV channel NPO2). Қонақтар мен іс-шараға қатысушылар Орталық Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітапхана болып табылатын әл-Фараби университеттік ғылыми кітапханасы ғимаратында құрылған әл-Фараби мұражайының экспозициясымен танысады.