АҚШ-ның елшісі ҚазҰУ-де лекция оқыды
16.04.2015
АҚШ-ның елшісі ҚазҰУ-де лекция оқыды.
Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж А. Крол, ҚазҰУ-нің студенттері мен оқытушыларына дәріс оқыды. Кездесудің мақсаты, Казақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас пен академиялық ынтымақтастықты дамыту туралы болды.
Дж. А. Крол дәріс барысында, екі ел арасындағы қарым-қатынастың тарихын және АҚШ-ның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы туралы әңгімеленді. "Соңғы жиырма жылда екі мемлекет өзара құрмет пен түсіністікке негізделген қарым-қатынас орнатты. Қазақстан мен АҚШ арасында тұрақты даму, аумақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік, экономикалық өркендеу және ядролық қаруды таратпау туралы стратегиялық мақсаттар бар, сондай-ақ "Жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау АҚШ-тың дипломатиялық миссиясының негізгі міндеттерінің бірі, осы тұрғыда АҚШ, БҰҰ және ЮНЕСКО ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқаруда" - деді АҚШ елшісі. Осыған байланысты, Дж. Крол ҚазҰУ-і БҰҰ-ның Глобалды хабы ретінде тұрақты даму бағдарламасын жүзеге асырып, адамзаттың өзекті мәселелерін шешуге академиялық қауымдастықтың назарын аударып жүргенін өте жоғары бағалады және ҚазҰУ студенттері БҰҰ аясында өткізілетін іс-шараларға атсалысып жүретініне тәнті болды мысалы, "БҰҰ үлгісіі".