ҚазҰУ-де "Жібек жолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтер зерттеулері" ISOCARD атты IV халықаралық конференциясы өтті

ҚазҰУ-де "Жібек жолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтер зерттеулері" ISOCARD атты IV халықаралық конференциясы өтті.

ҚазҰУ-да «Жібек жолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтерді зерттеу» атты ІV халықаралық ISOCARD конференциясы өтіп жатыр. Конференцияны университетпен «ISOCARD-Kazakhstan» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға БҰҰ-ның азық және ауыл шаруашылық ұйымы, жануарларды қорғау бойынша әлемдік ұйым, «Springer» баспаханасы (Германия), «Etad» компаниясы (Сауд Арабия), «Tofflon» (Қытай), «Camelicious» (БАӘ), «Катко» (Казахстан-Франция) компаниялары мен шетелдік және отандық ғалымдар, мұғалімдер, университет студенттері қатысты.

Конференция гуманитарлық мамандықтан бастап, шектеулі мамандықтарға дейін ғылыми сұрақтарды қамтыды: камелидтер қазіргі заман мен дәстүр арасында: тұрақты дамудың қиындықтары; камелидтер және олардың қоршаған ортасы: ауа-райының әсері; камелидтердің адамзаттың молшылығы үшін істеген өндірісі мен өнімі: қазіргі замандық ахуал; денсаулық: жаңа ауру түрлері және тұрақты мәселелер, шешімді талап ететін сұрақтар, өнімнің биологиялық сипаты: жаңа сұрақтар, камелидтер экономикасы: жергіліктіден халықаралық нарыққа дейін; түйелер өнімі тарихта және археологияда, адамзаттың мәдени мұрасы. 7 секция бойынша 35 мемлекеттен, 300 қатысушының баяндамасы тыңдалды. Қатысушылар ғылыми-зерттеу және коммерциялық ұйымдардың өкілдері болды.