ҚазҰУ-де мектеп оқушылары арасында, информатика пәнінен XXVII Халықаралық конференция өтті

ҚазҰУ-де мектеп оқушылары арасында, информатика пәнінен XXVII Халықаралық конференция өтті.

Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында, салтанатты түрде олимпиаданың жабылуы өтті. Жеңімпаздарға медаль және сыйлық берілді. Олимпиада ҚазҰУ-нің негізінде өтті және оған 83 мемлекеттен 324 оқушы қатысты.

Жарыс нәтижесінде, қазақстандық құрама 3 күміс және 1 қоланы еншісіне салып, жалпықұрамалық көрсеткіште 8-ші орынға ие болды.

Информатика пәні бойынша халықаралық олимпиада ЮНЕСКО қолдауымен өтті және аталмыш олимпиада 1989 жылдан бастап, әлем бойынша жоғарғы мектеп оқушылары арасында өтетін ең беделді сайыстардың бірі болып саналады. Бұл сайыста 85 мемлекеттен келген жас оқушылар қатысты. Олимпиада 7 кун жалғасты. Олимпиаданың бағдарламасы салтанатты ашылу, жабылуынан, бір жаттықтыру айналымынан және екі жарыс айналамынан тұрды. Айналымдар арасындағы уақытта форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және мәдени, тарихи жерлерге экскурсия өткізілді. 2 күн жалғасқан сайыстың қорытындысы бойынша, Оңтүстік Корея мемлекетінің мектеп оқушысы Джи Хак Юн, 600 баллдан, 600 балл алып толық жеңіске жетті.