әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Солтүстік Еуразияның, XIV Халықаралық орнитологиялық конференциясы өтті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Солтүстік Еуразияның, XIV Халықаралық орнитологиялық конференциясы өтті.

Алыс және жақын шетелдік 18 мемлекеттен келген 300-ге жуық ориентолог саласындағы ғалымдар, фундаменталды және тәжірибиелік орнитологияның келешегі мен дамуы туралы өзекті мәселелерді талқылады.

Конференцияның ашылу салтанатында Ұлыбритания, Германия, Ресей, Украина және басқа да мемлекеттердің ғалымдары алғы сөз сөйледі.

Конференция барысында, соңғы бес жылдағы Солтүстік Еуразия аумағында жасалған орнитологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсетілді. Фундаменталды және тәжірибиелік орнитологияға байланысты өзекті мәселелер туралы жан-жақты қарастырылған баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ ғалымдар орнитологияның зерттеу бағыттарының келешегі туралы және жалпы орнитология ғылымының болашақта қолданбалы түрде дамуы мен дәріптелуі, құстарды оңтайлы қолдану және сақтау мәселелері туралы да ой бөлісті.