Әлеуметтік - тәрбиелік қызмет

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Баспа және электронды БАҚ кафедрасының журналистика факультетінде жыл сайын ең үздік оқытушылары мен студенттері марапатталады түрлі кездесулер өткізеді. Студенттер үйінде, факультетте, кафедрада келесі жобалары іске асыруда - «Айналаңды нұрландыр» (Mүшәйра), «100 кітап», «Университет аруы», «Сау өмір - сау дене».

Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» Акционерлік қоғамы арасында шығармашылық және кәсіби байланыстарды нығайту және екіжақты байланысты дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осы ынтымақтастық негізінде өтетін кездесу барысында журналист Айнаш Есали өз шеберлігімен бөліспек.

Айнаш Есали – талантты журналист. Ол Қазақстан журналистика академиясының жалпыұлттық «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Оның қаламынан туған ойлы дүниелер оқырман жүрегінен орын алып, әркез қошеметке бөленіп жүр.

Шеберлік сыныбы барысында қолына қалам ұстаған жас тілшілер қауымымен бөлісер тәжірибе, берер тағылым мол болмақ.