Ғылыми жобалар және зерттеулер

 

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы: Жаңа қазақстандық патриотизм қалыптастырудағы жоғарғы  гуманитарлық технологияларды әзірлеу 

 


«Мәңгілік ел» ұлттық идеологиялық стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда гуманитарлық технологияларды әзірлеу зерттеу нысаны болып табылады.

Зерттеу мақсаты: жаңа қазақстандық патриотизмнің иидеологиялық стратагемі мен тәуелсіз Қазақстан азаматының қоғамдық санасы қалыптасуына ықпал етерлік гуманитарлық технологиялар әзірлеу.

Ұлттық патриотизмнің құрамдас бөлігі ретінде гуманитарлық технологиялар дамуы мен қалыптасуына арналған әдебиеттер талданды. Патриотизм дамуы мен қалыптасуына, генезисі мен аксиологиялық негіздеріне арналған әдебиеттер зерттелді. Жаңа қазақстандық патриотизм қалыптасуына, негізгі стратегиясы мен тактикасы зерттелді. Қазақстан азаматтарының патриоттық санасы қалыптасуының социомәдени әдістері ерекшеліктері анықталды.  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы дамуын жобалау мақсатында жаңа қазақстандық патриотизм саласында ақпараттық-коммуникативтік үрдістер сараланды. Саяси, әлеуметтік, психологиялық және мәдени феномен ретінде жаңа қазақстандық патриотизм қалыптастыратын құндылықтарға ғылыми зерттеулер мен талдаулар жүргізілді. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік, мәдени және инновациялық құндылықтары жүйесінде «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асуына ықпал етер гуманитарлық технологиялар әзірленді. Жаңа қазақстандық патриотизм қалыптасуы үрдісінде азамат пен мемлекет арасындағы жауапкершілікке сенімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. «Мәңгілік ел» идеологиялық концепциясын айқындайтын гуманитарлық базис әзірленді. Мақсатты топтар арасында «Мәңгілік ел» идеологиялық концепциясын таратуға, түсіндіруге арналған коммуникациялық стратегия әзірленді. Социогуманитарлық зерттеулер аясында жаңа қазақстандық патриотизмді жетілдіру механизмдері ұсынылған кепілдемелер дайындалды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы материалдық емес құнылықтар ретінде тарихи-семиотикалық атлас әзіленді. Зерттеу нәтижелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда баяндама жасалып, Scopus базасында 1 ғылыми мақала жарияланды. Авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу туралы 3 куәлік алынды.  1 авторлық және 1 ұжымдық монография жарияланды. Cambridge Scholars Publishing  баспасымен «Intellectual capital as the basis of knowledge society development» монографиясы қолжазбасы редакторлық жұмысқа қабылданды.  ҒЗЖ тәжірибелік нәтижесі: мемлекеттік ақпараттық саясат ғылыми концепция жасалып, жаңа қазақстандық патриотизмнің дамуына бағытталады. Зерттеу нәтижесі бұқаралық коммуникация, саясаттану, социология, мәдениеттану саласында қолданылады.

 

Ғылыми жетекші: саяси ғ.д., проф. Г.С. Сұлтанбаева