Әлеуметтік - тәрбиелік қызмет

Кафедраның штаттағы барлық оқытушылары эдвайзер-кураторлар болып табылады, олар 2011-2015 жылдары куратор-эдвайзерлерге арналған тренингтерден өтіп, сертификаттар алған. «Қоғаммен байланыс» мамандығын кеңейту үшін талапкерлермен белсенді жұмыс, соның ішінде жеке кездесулер мен БАҚ арқылы жұмыс жүргізілуде.

Кафедрадағы кестеге сәйкес айына екі рет «Студент, сенің құқықтарың», «Ұжымның дамуы – топтағы орнықты көңіл-күй», «Сабаққа қатысу мен үлгерім оқу үдерісіне тиянақты көзқарастың көрсеткіші ретінде», «Студенттің оқу қызметінің табыс формуласы», «Студенттік дәстүрлер» және т.б. тақырыптар бойынша эдвайзерлік сабақтар өткізіледі. 2011-2012 оқу жылы ҚР «Дін туралы» жаңа заңының ережелерін түсіндіру жұмыстарына баса көңіл бөлінді. 2012-2013 оқу жылында студенттердің өзін-өзі басқаруы, экстремизм, саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды. Кафедрада эдвайзерлік-кураторлық жұмыс бойынша штаттағы әрбір эдвайзер-куратор жүргізетін құжаттама бар. 2011-2015 оқу жылдарында кафедра оқытушыларының 80 пайызы эдвайзер-кураторлар болып табылады.

Кафедрадағы тәрбие жұмысы патриотизмді, азаматтықты, интернационализмді, жоғары мораль мен адамгершілікті, сондай-ақ студенттердің түрлі қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған. Азаматтық-патриоттық бағыт қоғамдық-саяси сауаттылықты орнықтыруға, жастар ортасында деструктивті саяси идеялардың таралуын болдырмауға, көпұлтты Қазақстанда өмір сүретін халықтардың дәстүрлері мен мәдениетіне, өнері мен дініне толеранттылықты, құрмет және аялау сезімін қалыптастыруға, мемлекеттік саясатты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. 2011-2015 жылдары кафедра оқытушылары студенттер арасында 330 іс-шара өткізді.













--