Іс-шаралар күнтізбесі

Кафедрада «Іскерлік қатынас принциптері», «Қазіргі заманғы коммуникацияның менеджменті және маркетингі», «Ивент PR» сияқты пәндер жүргізілгендіктен, кафедра студенттері белсенді, креативті, көпшіл. Кафедрада «Newsroom», «PR клубы», «Global communication», «Баспасөз хатшылары клубы», «PR мектебі», «Жас көшбасшылар мектебі», «InterPRess», «Конвергенттік  журналистика», «Жас кәсіподақ көшбасшылар мектебі» студенттік клубтары мен үйірмелер жұмыс істейді.

2013 жылы I «Мүшайра» республикалық жас ақындар сайысы, 2014 жылы «Үздік PRоект» креативті идеялар мен жобалардың республикалық студенттік байқауы, республикалық үздік PR-жобалар байқауы өткізілді. 2015 жылы «Сиреневый прорыв» халықаралық студенттер конференциясы өткізілді.

Сәуір айының 27 жұлдызында ұйымдастырған «Төл тарихым – тамырым» атты республикалық студент ақындар айтысы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Оған бірнеше оқу орындарынан жас ақындар қатысты.

Кафедра ұжымы «Қазақстандағы PR және БАҚ» атты ғылыми еңбектер жинағын шығарады. Студенттер мен магистранттар белсенді тартылған іргелі ғылыми жобалар мен «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медиабейнесі: имидждік саясатты дамыту» атты серпінді жобасын жүзеге асыруда.

29 сәуірде Президенттің тұңғыш Баспасөз хатшысы, белгілі қаламгер, қоғам және мемлекет қайраткері Ербол Шаймерденұлын есте қалдыру мақсатында «Ел имиджін қалыптастыру ерекшеліктері: хандықтан қазіргі заманғы мемлекетке дейінгі қазақстандық жол» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Ербол Шәймерденұлы оқулары аясында студенттер мен мектеп оқушыларына арналған байқау ұйымдастырылды.

2015 жылдың 13 қараша күні кафедра ұйымдастыруымен «Қазақстандағы PR-білім берудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

2015 жылдың 4 желтоқсанында кафедра әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік баспасөз Орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік баспасөз Орталығының құрылғанына бір жыл толуына орай жастар және студенттік баспасөзінің даму келешегіне арналған Республикалық дөңгелек үстел өткізді.  

2014 жылдың желтоқсан айында кафедра жанынан Студенттік баспасөз Орталығы ашылды. Факультеттің әлеуметтік маңызды шараларына ақпараттық қолдау көрсету, модераторлар, спичрайтерлер, фотографтар, редакторлар, PR-кеңесшілер, халықаралық журналистер және басқа мамандар ретінде тартылатын студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатымен лабораториялық және практикалық сабақтар осы баспасөз Орталығында өткізілуде. Сонымен қатар кафедрада журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО ғылыми-зерттеу және тәрбие беру орталығы жұмыс істейді. Орталық бұқаралық коммуникациялар саласындағы ғылыми зерттеулермен, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысы бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысады, тәрбие қызметіне талдау жасап, мониторинг жүргізеді, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер өткізеді, мемлекеттік, коммерциялық және халықаралық құрылымдармен ынтымақтастық жасайды. Орталық Ломоносов атындағы ММУ-дың журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасымен, Экология жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасымен (Израиль), Страсбург, Франциядағы ЮНЕСКО кафедраларымен,  ЮНЕСКО кафедрасымен (Украина), Мәдениет университетімен (Стамбул, Турция), Легионово мұражайымен (Варшава, Польша), Қырғыз-Ресей Славян университетінің әлемдік мәдениет пен діндерді зерттеу жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасымен халықаралық байланыстар жасайды. Сондай-ақ ПРООН, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры,  БҰҰ Әйелдері,  ДООН, ХЕҰ,  ИПЕК ХЕҰ, МКП, МКП-ВЕРС, Әйелдер желісі, ЭКПАТ, ҚР АҚШ Елшілігі халықаралық ұйымдармен жұмыс істейді.