26 мамыр - Түлектер күні

 

2018 жылғы 26 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Түлектер күніне орай салтанатты шара өтеді.

2016 жылы 1 қыркүйекте ҚазҰУ Түлектерінің қатысуымен мемлекеттік-жекешелік серіктестік қағидаттарында салынған «Мәңгілік Ел» студенттер мен түлектердің Салатантты қақпасының алдына таңертең сағат 10-нан бастап әр жылғы түлектер жиналады.

Мейрамның басталуы бірлікті, ынтымақты, берекені айқындайтын «Тайқазан» субұрқағы мен біздің университет есімін абыроймен алып жүрген көрнекті Ойшыл, адамзаттың екінші Ұстазы әл-Фараби алаңындағы «Мәңгілік Ел» субұрқағының ашылуымен жалғасады.

Мейірімді түлектердің көмегімен орнатылған әл-Фараби ескерткіші мен академик Өмірбек Жолдасбековтың монументіне дәстүр бойынша гүл шоқтарын қою рәсімі жүргізіледі.

Салатанатты жиын Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында болады. Қатысушылар ректор, академик Ғ.М. Мұтановтың баяндамасын және ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының есебін тыңдайды.

Білім, ғылым және мәдениеттің қоғамда дамуына үлес қосу жолындағы айтулы дәстүрін жалғастыра отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер Қауымдатығы мемлекеттік-жекешелік серіктестік қағидаттарында ҚазҰУ қалашығында еркіті жарналар есебінен «Мәңгілік Ел» архитектуралық кешенді стеланы тұрғызуға акция жариялайды. 2019 жылы ҚазҰУ-дың 85 жылдығы мен ҚазҰУ Түлектер Қауымдастығының 25 жылдығында меценаттар мен жұртшылықтың қатысуымен стела салтанатты түрде ашылады.

Түлектер күні мерекесінде 2018 жылдың үздік түлектеріне Құрмет грамотасы, кафедраларға құнды сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ бағдарламада Альма-Матердің жетістіктері жайында фильм және Алматы қаласы симфониялық оркестрінің концерті бар.

Түстен кейін (сағат 13.00) түлектермен кездесу факультеттерде жалғасады.

Түлектер күні дәстүр бойынша әл-Фараби кітапханасындағы кешкі Балмен аяқталады.

Түлектер күні өтетін мекенжай: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы. Басталуы: 26 мамыр 2018 ж. сағат 10.30

«Мәңгілік Ел» студенттер мен түлектердің Салатантты қақпасының алдына жиналу.

Ұйымдастыру алқасы: ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы

8(727)3773360; WhatsApp: +7 771 207 29 09 E-mail: kulgazira_777@mail.ru

kulgaziranuranovna@gmail.com

 

Басылым күні :  18.05.2018