Академиялық мобильділік және сынақ мерзімін өткізу

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «6D030100 - Құқықтану» мамандығының 2 курс докторанты Смагулова Дана Сабырханқызы, 2019 жылдың 11 наурызынан 2019 жылдың 8 маусымына дейін Испанияның Кадис Университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық мәселелері».

Тағылымдаманың мақсаты: докторлық диссертацияны қорғауға қажетті материалдарды жинау, энергетикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеу.

Отандық ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент Джангабулова А.К.

Шетелдік ғылыми кеңесші: доктор PhD, профессор Мишель Реми Нжики

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100-Құқықтану» мамандығының 2-курс PhD докторанты Гусев Михаил Кайратович Стамбул университетінің Заң факультетінде (Стамбул қ., Түркия) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

Докторлық диссертацияның тақырыбы: "
«Қазақстан Республикасындағы Әке институтің: құқықтық қамтамасыз ету мәселелері.» ".

Тағылымдаманың мақсаты: докторанттың диссертациялық жұмысына қажетті материалдарды алу және жинау, фитосанитарлық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеу.

Отандық ғылыми кеңесші: з.ғ. к., профессор Д.Л. Байдельдинов

Шетелдік ғылыми кеңесші: профессор Фетки Геделкли.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «6D030100-Құқықтану» мамандығының 1-курс PhD докторанты Рашева Гүлнұр Қойшынқызы Стамбул университетінің Заң факультетінде (Стамбул қ., Түркия) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

Докторлық диссертацияның тақырыбы: "Фитосанитарлық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету: ұлттық және шетелдік тәжірибе".

Тағылымдаманың мақсаты: докторанттың диссертациялық жұмысына қажетті материалдарды алу және жинау, фитосанитарлық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеу.

Отандық ғылыми кеңесші: з.ғ. к., профессор м. а.  Г. Т. Айгаринова

Шетелдік ғылыми кеңесші: профессор Адем Созуер.