«Достар естелігіне» атты дәстүрлі туристік көпсайыс.

29 - қыркүйек күні, Кіші Алматы орман шаруашылығының маңында Алматы қаласының Спорт туризмі мен Туристік көпсайыс федерациясы қолдауымен жылсайынғы «Достар естелігіне» атты ашық халықаралық туризм техникасы бойынша жарыс өткізілді.

Жарысқа қатысушылар туристік және альпинистік құралдармен жұмыс жасау шеберлігін көрсетіп, туристік техника білімін бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, жарысқа қатысу арқылы көңіл көтеріп, денсаулық үшін пайдалы әсермен тарасты.

Жарысқа түскен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттерінен жасақталған команда сайыс қорытындысы бойынша грамоталармен марапатталды. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы жүлделі сыйлықтармен марапатталды.  

Басылым күні :  09.10.2018