UNWTO тренингі

22 қыркүйек 2017,  ҚазҰУ кітапханасында рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек Жолы туристінің бейнесін зерттеу және Алматы қаласының туризм индустриясын ғылыми сараптау құралдары» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг жүргізуші БҰДТҰ Жібек Жолы бағдарламасының туризм сарапшысы, Monash University (Австралия) түлегі - Николаус Голфинопулос. Барлық студенттер мен магистранттар қатысуға мүмкіндік алды.

Бұл тренинг Алматы Қаласының Туристік Ақпараттық орталығы мен ДТҰ серіктестігі аясында өткізілді, Алматы қаласына келетін туристің бейнесін толықтай зерттеп, Алматыдағы туризм дамуына және сараптама жүйесіне негіз қалап береді. Сонымен қатар, ДТҰ жаңа жұмыс орындарының пайда болу мүмкіндіктерін, Алматы қаласының туризм саласындағы табысының өсуін бағалайды. Visit Almaty және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның біріккен зерттеу жұмыстары мегаполис әкімшілігіне Алматы қаласы және облысының туристік өнімін кіру туризмін дамыту және казақстандық туристік нарықтың халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында алға жылжытып, Алматы қаласын демалыс пен туризмге қолайлы қала ретіндегі позитивті имиджін қалыптастыруға, маркетингтік стратегияларды жоспарлап, іске асыруға мүмкіндік береді.


Басылым күні :  26.09.2017