Іс-шаралар күнтізбесі

 

«Тәуелсіздік – тұғырым» танымдық кеш

16 желтоқсан күні №17 жатақханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған  "Тәуелсіздік – тұғырым" атты Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к. Л. Мұсалы, Н.Нағашбеков және Ә. Ариповтардың ұйымдастыруымен танымдық кеш өтті. 

Жобаның мақсаты:

1.Студенттерді қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру;

2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу, патриоттық тәрбие беру. 

Жобаның көрнекілігі:

«Тәуелсіздік – тұғырым» атты қабырға газеті, лозунгі, Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.

Жобаның түрі: Әдеби-көркем монтаж.

 

Жоба барысында Тәуелсіздікке жету жолындадағы құрбандар жайлы қысқаша шолу жасалып, көтеріліс жайлы қысқаша бейнебаян көрсетілді. Ұстаздар тарапынан жастардың саналы түрде дамуы үшін сапалы білім алуы, көтеріліспен мәселенің оң шешілмейтіндігі айтылды. Сонымен қатар, егемендік, бостандық жайлы жас ақындар өлең оқытп, аяғы жас өнерпаздардың өнерін тамашалаумен жалғасты.

Жоба барысында студенттер өздерінің өнерлерін көрсетіп, желтоқсан  құрбандарын еске алды . Өзінің керемет оқу мәнерімен қонақтардың жүректерінен орын ала білген Көшекбаева Жумабике «Тәуелсіздік-тұғырым»   атты өз шығармашылығынан өлең оқып берді.  

 

Жайбергенова Меруерт әсем  дауысымен халықты баурап алды . 

 

 

Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында шағын қойылым көрсетілді. Бұл қойылымда 1 курстың "Қазақ филологиясы" мамандығының өнерлі студенттері Қаратаева Балжан, Қымызанова Балжан, Емангалиева Камила ,Әбзелбек Әріпбек, Қарaжан Аруна, Ыдырыс Дәулетхан, Хабилбол Құндаз өз өнерлерін көрсетті.

 

 

Сатпаева Анель мен Пайзулдина Дина Керемет күй тарту етті . Кеш жүргізушілері өзденінің тапқырлықтарымен әсем дауыстарыме көрермендерді қапы қалдырмады. Факультетіміздің серісі Есенгелдиев Сәкен мен Жұмашев Абылайхан өз шығармашылығынан әндер орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. 

    Жоба барысында қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер жақсы деңгейде орындалып, көптің разылығын алды.

 

 

 

"Тәуелсіздікке тағзым" поэзия кеші

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында  "Тәуелсіздікке тағзым" атты Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Ш. Мақатаева мен М. Оңғарбаеваның ұйымдастыруымен танымдық поэзиялық кеш өтті. Жоба барысында көпұлтты Тәуелсіз еліміздегі ағылшын, француз, орыс және басқа тілдерді меңгеруге жасалған мүмкіндіктер жайлы айтылып, сол аталмыш тілдерде поэзиялық кеш өтті. Жоба ұйымдастырушысы Ш. Мақатаева: "Ағылшын, француз, орыс, испан, араб тілдері - Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми жұмыс тілдері. Сондықтан әр жасөспірім өз болашағын қазірден бастап ойлап, жоспар құруы қажет және бір шет тілін меңгеруі міндет. Қазіргі заманда көптілділік көп ұлтты мемлекеттер мен өркениетті қоғамдардың бәріне тән. Көптілділік әр мемлекеттің саяси экономикалық және мәдени рухани дамуына бағытталған заңды құбылыс" деп айтып өтті. Кеш  қызықты, әрі тартысқа толы болды.


 

 

 

 

 

 

Поэзиялық аударма кеші

2017 жылы 9 желтоқсан күні шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы және «Tarzhiman club» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен ҚазҰУ студенті оқуға тиіс «100 кітап» жобасы аясында «Поэзиялық аударма кеші» өтті. Кеш жүргізушілері Мусина Дана мен Абдуғаниева Мөлдір поэтикалық аударманың өзіндік ерекшелігі жөнінде түсіндіріп өтті. Кеш аясында «Аударма ісі» бөлімінің студенттері  қазақ ақындары Ғ.Қайырбековтің, М.Мақатаевтың т.б. ағылшын әдебиеті классигі Дж. Байроннан, У.Шекспирден тәржімалаған өлеңдерін үш тілде оқыды. Студенттер өлеңді оқып қана қоймай, әр өлең мен оның  аудармасына талдау жасап отырды. Поэзиялық аударма кешінде, сондай-ақ қазақтың күрескер ақыны Махамбет Өтемісұлының өлеңдері және оның орыс тіліндегі аудармалары оқылды. Махамбет поэзиясын орыс тіліне аударған аудармашылар жөнінде мәлімет берілді. Махамбеттің туған жері туралы деректі фильм көрсетілді.

Әдеби шара поэзияға толы жыр кешіне ұласты, кештен шабыт алған «Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс студенттері қазақ ақындарының өлеңдерін, кейбір жас ақындар өз шығармаларын ерекше мәнермен, жарыса оқыды.

Кешке доцент Г.Сүлейменова, оқытушы Н.Нағашбековтер қатысып, студенттерге оң тілектерін білдірді. «Tarzhiman club» жас аудармашылар клубының жетекшісі, доцент Л.Мұсалы кешті қорытындылап, көркем аударманың қазақ әдебиетін өзге елдің оқырмандарына танытудағы үлкен рөлін атап өтті.

 

 

 

 

28 ноября прошла международная научная и учебно-методическая онлайн конференция «Инновационные технологии в лингводидактике» под руководством кафедры иностранной филологии и переводческого дела. Конференция проводилась в режиме онлайн с коллегами из Киргизстана, которые приняли активное участие в нашей конференции, а также опубликовали статьи в нашем сборнике статей.

 

November, 28 International Scientific and Methodical Online Conference “Innovative Technologies in Linguodidactics” was held by the Department of Foreign Philology and Translation Studies. The conference was held online with our colleagues from Kyrgyzstan, who took an active part in our conference and published articles in our articles collection.

 

 

 

 

 

 

 

 

10 Ноября 2017 года было проведено воспитательное мероприятие в рамках проекта «Айналаңды нұрландыр» на тему «Journalism in Kazakhstan and Britain».

Ответственные преподаватели: А.М. Марал, Б.Н. Наубай, Р.Н. Шаршова

 

November 10, 2017, an educational event was held within the framework of the project «Айналаңды нұрландыр» on the topic «Journalism in Kazakhstan and Britain».

Responsible teachers: А.М. Maral, B. N Naubai, R.N. Sharshova

 

 

 

 

 

20 Ноября 2017 года было проведено воспитательное мероприятие в рамках проекта «Айналаңды нұрландыр» на тему «Smart  Inventions».

Ответственные преподаватели: А.М. Марал, Б.Н. Наубай, Р.Н. Шаршова

 

November 20, 2017, an educational event was held within the framework of the project «Айналаңды нұрландыр» on the topic "Smart Inventions".

Responsible teachers: А.М. Maral, B. N Naubai, R.N. Sharshova

 

 

 

 

 

 

 

«KAZAKH SONGS IN ENGLISH VERSION»

Құрметті оқытушылар, магистранттар және студенттер!

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы Сіздерді 21.11.2017 жылы 11.00-де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өтетін «Kazakh songs in English version»

атты мәдени шараға шақырады.

 

Өткізілетін орын: Филология және әлем тілдері факультеті, 308-ауд

Жауапты оқытушылар: Н.А. Нагашбеков, Г.К. Дайрабекова

 

«KAZAKH SONGS IN ENGLISH VERSION»

Уважаемые преподаватели, магистранты и студенты!

Кафедра иностранной филологии и переводческого дела приглашает Вас на культурное мероприятие в рамках проекта «Айналаңды нұрландыр» на тему «Kazakh songs in English version».

Время проведения: 21.11. 2017 года в 11.00.

Место проведения: Факультет филологии и мировых языков, 308 ауд

Ответственные преподаватели: Н.А. Нагашбеков, Г.К. Дайрабекова   

 

 


 

 

 

 



2015 жыл

13-16 сәуір

«ӘЛ-ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған халықаралық ғылыми конференция

12 наурыз

«Аударматану және компаративистиканы оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция

3 наурыз

on-line конференция

17 ақпан

Аудармашымен кездесу

5 ақпан

21-ғасыр аудармашысы

2014 жыл

07 желтоқсан

Поэтикалық тәржіма кеші

05 желтоқсан

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

12 қараша

Танымал тұлғалар