«ҚАРА ШЕКПЕН» әфсана жаңа қойылым.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының доценті Р.Өмірбекова 2015 жылдың 25 ақпан күні халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенттерімен  Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барды.

Осетин драматургі Георгий Хугаевтың «Қара Шекпен» атты жаңа қойылым – Алматы «Ислам мәдениетінің астанасы -2015» болып жариялануына байланысты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысымен қойылған.

Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең құдіреттісі де, ең ақылдысы да, ең әдемісі де – Адам…

Ал, Біз, дәл осындай «дәрежеге» расымен, лайыкпыз ба?!

Кез келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, Жан азығынан мақұрым қалған адамдай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз…

 

1.     Ерлан Карибаев – Қуқар рөлінде:

Осетин драматургі Георгий Хугаевтың «Қара Шекпен» атты  екі бөлімді аңыздың ішіндегі кейіпкердің бірі ол қарғаның рөлі яғни – Қуқар. Жалпы бұл Қуқардың атқаратын миссиясы драматургияда 250 жыл өмір сүрген қарға. Драматург мұны бәрін көрген, тарихтың жаршысы ретінде алған.

Қойылымның режиссері – А.Маемировтың режиссерлық шешімі бойынша бұл Қуқар- бүгінгі таңдағы көрермендерге осы аңызды айтып беруші, жеткізіп беруші ретінде алып отыр. Қуқардың атқаратын міндеті қойылымда – осы аңыз арқылы бүгінгі таңда ғұмыр сүріп жүрген адамдарға адами қасиет туралы сәл болсада ойланса екен деген ой түйдіреді.

 2.     Данияр Базарқұлов – Тұзар рөлінде:

Менің ойнайтын кейіпкерім – Тұзар басты рөл, иттің бейнесі. Ит кейпіндегі адам, бірақ біз мұнда иттің ойнамаймыз. Өмірге ғашық, болашаққа сенімі мол, әділдік іздеген адам деп айтсақ та болады. Бұл өзінің сеніміне өте берік адам. Берік адам болса да өзінің қожайыны бар, яғни соған сенеді. Қазіргі таңда ондай адамдар көп. Тұзардың рөлі – әділдік пен ақиқат іздеген, жақсылыққа деген сенімі мол адамдардың бірі.

 

Басылым күні :  03.04.2015