«Алаш мұрасы: ұлт пен ұрпаққа білім берудегі қызметі» атты ғылыми-әдістемелік конференция
2017 жылы 25 қазан мен 3 қараша аралығында «Лингвоарна» ҒЗжОӘ орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі, «Ұлт болмысы» РПӘТЖ журналы бірлескен «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында Алашорда автономиясына 100 жыл және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай, «Алаш мұрасы: ұлт пен ұрпаққа білім берудегі қызметі» атты ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырды. Шараға жалпы орта, арнайы мектеп мұғалімдері және жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскер-тілшілер, ЖОО оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар қатысты. «Алаш мұрасы: ұлт пен ұрпаққа білім берудегі қызметі» атты ғылыми-әдістемелік конференцияның ашылуы филология және әлем тілдер факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдиманұлы құттықтау сөзімен басталды. Бұдан әрі қарай Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Ақымбек Съезд Шардарбекұлының «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш әліпбиі», ф.ғ.д. Имаханбет Райхан Сахыбекқызының «Ахмет Байтұрсынұлы-тіл, әдеби мұрасының зерттелуі», Тіл білімі институның грамматика бөлім меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Жұбаева Орынай Сағынғалиқызының «Ахмет Байтұрсынұлы-когнитивті лингвистиканың негізін салушы», «Ұлт болмысы» журналы - республикалық, патриоттық, әдеби-танымдық журналының бас редакторы және құрылтайшысы Гүлжанар Амантайқызының «Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын насихаттаудағы БАҚ-ролі», ф.ғ.к. Иманқұлова Салтанат Меркібайқызының «Ахмет Байтұрсынұлы және тілді меңгертудегі берік ұстаным», ф.ғ.к., доцент Құлжанова Бақытгүл Райханқызының «Құтадғу билиг-мәңгілік ел идеясын уағыздайтын дастан» атты баяндамалары тыңдалды. Конферецияның семинар жұмыстарының негізгі бағыттары мынадай мәселелерді қамтыды:
- Алаш мұрасының оқу, ағарту саласындағы орны мен қызметі;
- Алашордашылардың ұлттық идеясының көркем туындылар мен оқу құралдарында насихатталуы;
- Алаш идеяларының тәуелсіздікпен тарихи сабақтастығы: тіл мен әдебиет және т.б.