Онлайн семинар

«Лингвоарна» ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік орталығы мен Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйі, «Ұлт болмысы» журналы бірлесе отырып Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» атты қазақша әліппесіне 105 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы: өткені, бүгіні мен болашағы» атты қорытынды онлайн-семинар өткізді. Онлайн-семинарға Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультеті теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы, Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы, Атырау гуманитарлық колледжі, сонымен қатар Ақтөбе қаласындағы 24-лингвистикалық мектеп-гимназиясы және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультеті мемлекеттік тілді оқыту кафедрасы ұжымы қатысты. 

Басылым күні :  30.04.2017