Ахмет Байтұрсынұлы мұражайына саяхат

Халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенттері қазақ тілінің негізін қалаушы- Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне барды 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының доценттері Р.Өмірбекова, Б.Рысбай, Н.Егізбаева, Ш.Рамазанова 2015 жылдың 24 ақпан күні халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенттерімен Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне барды. Мұражайда студенттер алаш арысының жеке заттарын тамашалап, Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен сыр шертетін құжаттармен танысты.

ХХ  ғасырдың ұлы реформаторы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ұлттық ғылымының негізін салушы, ақын-аудармашы, түркітанушы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының Алматы қаласындағы мұражай-үйі  1993 жылы ұйымдастырылды.

А.Байтұрсынұлының шығармашылығына қатысты 2000-ға жуық ғылыми мақала, 50 монография, халықаралық ғылыми конференция материалдары, республикалық ғылыми конференция материалдары жарық көрді. Бұл жинақтардың барлығы мұражай қорының асыл қазыналары. Музей жанынан 1000 жуық кітап, 500-дей әдеби журналдар, 500-дей түрлі конференция материалдары және апталық газет тігінділері қамтылған кітапхана жұмыс істейді.

Басылым күні :  17.05.2015