Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты

2015 жылы 21 сәуір күні кафедра оықтушылары Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Студенттерге Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесі, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпы туралы, тойлану дәстүрі жайында толық мағлұмат беру.

1-жүргізуші:  Армысыздар қымбатты оқытушылар мен студенттер! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын.
2-жүргізуші:  Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. 
Бірге: Той құтты болсын. Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын. Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін. 
    1-жүргізуші:  
 Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Сіздерге арнар сыйы бар.

2-жүргізуші:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың!

1-жүргізуші: Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. 

2-жүргізуші: Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз – күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.
1-жүргізуші: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел басындағы татулықты, бірлестікті ерекше бағалаған. Өткен жылан жылында   еліміз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болды. Жаңа жылда елімізге тыныштық болсын деп тілейік , ағайын!

 

Ұйымдастырушылар:ф.ғ.к., доцент Омарова Б., ф.ғ.к.,доцент Есжанова Г.К.

Басылым күні :  30.04.2015