Персона месяца - Галимкаир Мутанов

Ғалымқайыр Мұтанов 2015 жылдың 1 сәуір мен 30 сәуір 
аралығындағыG-Globalай тұлғасы

Қазақстан Республикасының ғылыми ұлттық академиясының академигі, Әлемдік ғылым мен өнер академиясының мүшесі (The World Academy of Art and Science), «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясының бірінші вице-президенті (ҒЕЭКА), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, Ғалымқайыр Мұтанов 2015 жылдың 1 сәуір мен 30 сәуір аралығы G-Global ай тұлғасы атанды.

ҒЕЭКА 7 Астаналық экономикалық форумның және БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының жетекшілігіндегі 2 Бүкіл әлемдік кризиске қарсы конференциялардың ең басты ұйымдастырушысы болып саналады, ҒЕЭКА «G-Global» халықаралық хатшылығын жүзеге асырады.

Мұтанов мырза ақпараттық коммуникативті алаң қолданушылар сұрақтарына жауап беретін, G-Global порталында интерактивті онлайн-конференция басталды.

Онлайн-конференция тақырыбы: "G-Global: мәселелері және бiрқалыпты дамудың келешегi". Ғалымқайыр Мұтановқа G-Global «Ай тұлғасы» бөлімшесінде кез келген азамат сұрақ қоя алады.

Анықтама: Ғалымқайыр Мұтанов: 1979 жылы Қазақ политехникалық институтын “Автоматика және телемеханика” мамандағы бойынша тәмамдады.1980-1982 жылдары Мәскеу болат және қорытпалар институтының сынақ мерзімінен өткен. 1983-1987 жылдары Мәскеу мемлекеттік кен университетінде аспирантурада оқыған және сол жерде 1987 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1991-1993 жылдары Мәскеу мемлекеттік кен университетінің докторантурасын аяқтап, 1993 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 1993-1995 жылдары Рудный индустриялық институтында профессор және кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды, 1995-1996 жылдары Петропавл қаласындағы жоғарғы техникалық колледжінің ректоры (Қазақстан). 1996-2002 жылдары Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып қызмет атқарды, Петропавл қаласы (Қазақстан). 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бірінші Вице-Министрі лауазымында жұмыс істеді. 2003-2010 жылдары – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, 7.10.2010ж.-әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) ректоры болып тағайындалды. Ғ.Мұтановтың ғылыми зерттеу нәтижелерін iс жүзiнде қызметте және бағдарланған инновациялық басқаруын пайдалану, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік ауқымда QS халықаралық агенттiгі бойынша 300 жетекшi әлемдiк топ қатарына кіруін қамтамасыз етеді.

Ғ. Мұтанов оннан астам халықаралық академиялар академигі, 400-ден астам ғылыми мақалалар авторы, оның ішінде 20 монографиялар, оқулықтар, әлеуметтiк-экономикалық, техникалық үдерістер мен жүйелерді басқару бойынша оқу құралдар, АҚШ, Чехия, Швеция, Германия, Швейцарияда әдістемелік әзірлемелер жарық көрді. Отандық және шетелдік 50 патенттердің авторы.

Ғылым және білім саласында профессор Ғ.Мұтановтың сіңірген енбегі жоғары бағаланып, мемлекеттік және халықаралық сыйлықтармен марапатталған: 3-ші дәрежелі «Барыс» және «Парасат» орденімен, Кавалер атағының Академиялық пальма тармақтары орденімен (Франция), еңбегі Кавалерлік крест орденімен (Польша), Қазақатсн Республикасының ғылым және техника саласында еңбегі сіңірген қайраткер, «Қазақстан Республикасының Президентінің Ерекше белгісі» алқасымен, атаулы алтын медальмен марапатталды.

2014 жылы бүкіл әлемдік белгілі "Шпрингер" деген баспа Ғ.Мұтановтың еңбектерінің мойындап, оның "Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting" деген кітабын жария етті. Оның жетекшілігімен 4 докторлық, 30-ға жуық кандидаттық және 3 PhD диссертация қорғалды.

«Ай тұлғасы» - дүниежүзіне танымал сарапшылардың қатысуымен өтетін интерактивті онлайн-конференция. Ай сайын конференция барысында _www.group-global.org сайтында шақырылған тұлға онлайн режимінде портал қатысушыларының сұрақтарына жауап береді, пікірін білдіріп, кеңес береді. Пікірталасқа кез-келген жан қатыса алады.