Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

 

 

Филология және әлем тілдері факультетінің шет тілі кафедрасы «Aйналаңды нұрландыр» жобасы аясында «ЭКСПО-2017 еліміздің басты оқиғасы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара механика-математика факультетінің 1 курс студенттері МКМ тобында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Әділбаева У.Б. ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: «ЭКСПО-2017», ағылшын тілінде студенттердің білімін кеңейту, ЭКСПО мен оның тарихымен таныстыру. Сондай-ақ, ойлау дағдыларын дамыту, пәнаралық байланыстарды пайдалана отырып мәселенің табиғаты туралы сұрақтарға жауап таба білу. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» және оның қосалқы тақырыбын талқылау.

 

 

 

Ағылшын әндер әүесқой клубының жұмыс істегеніне 5 жыл болды. Клубта студенттер өздерінің сүйетін әндерін үйреніп концертерге қатысады. Концерттер кафедра, факультет, университет денгейінде өтеді. Сонымен қатар студенттер үйіне барып ашық отырыс ұйымдастырып басқа студенттерге ән үйретеді. Әнді жаттау, үйрену студентердің тіл байлығын дамытады, шет тілінің грамматикасын, дұрыс сөйлеу дағдысын арттырады. Клубты ұйымдастырушылар Оразаева Г.А., Карашина Г.Т.

 

27 наурыз 2017ж. сағ.16.00, 541 ауд. Шығыстану факультетінде «Айналаңды нурландыр»жобасы аясында «Advancing Skills Towards Professional Excellence» тақырыбына гуманитарлық факультеттердің магистранттары арасында конференция өтті. Конференцияның мақсаты ғылыми және кәсіби тақырыптарға магистранттардың шешендік дағдысын дамыту. Конференцияға гуманитарлық факультеттердің 1 курс магистранттары қатысты. Магистранттар өздерінің презентацияларымен баяндамаларын оқыды. Конференцияға қатысқан магистранттар баяндама тақырыптарын өздерінің магистрлік диссертацияларымен байланыстырып, ғылыми мүдделерін көрсетті.  

Конференцияны ұйымдастырушылар шетел тілдері кафедрасының  доценті, ф.ғ.к. Окушева Г.Т. және аға оқытушы  Жанадилова З.М.

 

 


 

 

Шет тілі кафедрасы 20.02.2017ж., сағ. 15.00-де, 401 ауд.  «100 кітап» жобасы аясында, «Мағжан Жұмабаев-сыршыл ақын» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға Тарих, археология және этнология факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Кеш барысында  студенттер М.Жұмабаевтің өлеңдерін оқыды және ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына байланысты презентация жасады.

Жауапты оқытушылар: Махажанова Л.М., Алиярова Л.М.

 

 

 

 

Шетел тілдері кафедрасының «English through culture» клубы аясында Traditional cuisines of Britain and the USA” атты кеш 2017 жылы 15. 02.2017ж өткізілді.

Клуб жетекшілері: Алиярова Л.М., Халенова А.Р.