Шығармалық зертхана "Әуезов әлемі"

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар Орталығы «Ғылымға жол» жас зерттеушілер үйірмесі «ҚазҰУ студенті оқитын 100 кітап» аясында 2015 жылдың 12 наурыз күні «Абай жолы» роман-эпопеясы. Шығармашылық зертхана» тақырыбында «Әуезов әлемі» атты дәстүрлі білім сайысын өткізеді.

 

Білім жарысына республика ЖОО студенттері қатысады. 

 

  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  2. Қазақ мемлекеттік ҚызПУ
  3. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
  4. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
  5. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
  6. Қайнар университеті

Басылым күні :  31.03.2015