Әдеби конкурс

Филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы әдеби-философиялық «Тамыр» журналымен бірге Халықаралық әдеби конкурс жариялайды.

Өткізу мерзімі: 12 ақпан – 1 мамыр 2018 ж.

Конкурс нәтижелері және қорытындысын хабарлау уақыты: 1 маусым 2018 ж.

 

Конкурс мақсаты:

1. Қазақстан жастары арасынан талантты ақын, жазушы, драматургтерді табу, олардың шығармаларын көпшілікке таныстыру, әдебиеттанушылар мен баспагерлерге ұсыну.

2. Жас таланттардың үздік туындыларын жариялауға қолдау білдіру, шығармашылық табыс пен танымалдыққа жетулеріне үлес қосу.

 

Конкурс аталымдары:

1. Үздік поэтикалық шығарма.

2. Үздік прозалық шығарма.

3. Үздік драматургиялық шығарма.

4. Үздік публицистикалық шығарма.

 

Марапаттаулар:

1. Конкурс жеңімпаздарының шығармалары «Тамыр» журналында жарияланады.

2. Алғашқы 20 орынға ие болған байқау қатысушыларына үздік әдебиеттанушы ғалымдардың, қазіргі ақындар мен жазушылардың жазу шеберлігі, шешендік өнер бойынша мастер-кластарына тегін қатысуына, кеңес алуына мүмкіндік жасалады.

3. 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен қоса оқырман таңдауына орай арнайы сыйлық табысталады (конкурс ұйымдастырушыларының Интернет сайтындағы шығармаларды талқылау нәтижелеріне байланысты).

 

Конкурс шарты:

1. Конкурсқа 14 жас пен 35 жас аралығындағы тұлғалар қатыса алады.

2. Бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған қазақ және орыс тілдеріндегі көркем шығармалар қабылданады.

 

Конкурс жұмысына қойылатын талаптар:

1. Конкурсқа жалпы көлемі 20 баспа бетінен аспайтын, 14 кеглмен, бір интервалмен Times New Roman шрифтында терілген жұмыстар қабылданады. Шеттері барлық тараптан 2,5 см.

 

2. Қонкурстық жұмысқа қосу керек:

а) келесі мәліметтерді қамтыған қатысуға өтініш:

Автордың аты-жөні

Жасы

Оқу орны, жұмысы

Байланыс деректері, телефон, e-mail, WhatsApp

Аталым

Жіберілген жұмысты конкурс ұйымдастырушыларының сайтында және журналда жариялауға келісу;

 

б) қысқаша шығармашылық өмірбаян (1 баспа бетінен артық емес).

 

Конкурстың өту барысы:

1. Конкурсқа қатысушы өзінің шығармасын, өтінішін, қысқаша шығармашылық өмірбаянын, сонымен қатар өз шығармасының конкурс ұйымдастырушыларның сайтында және «Тамыр» журналында жариялауға келісімін электронды почта бойынша жібереді.

2. Конкурс ұйымдастырушылары ақын-жазушылардың, үздік әдебиеттанушылардың, сыншылар мен журнал қызметкерлері арасынан әділқазылар алқасын тағайындайды.

3. Конкурс ұйымдастырушылары құқылы:

- Конкурсқа түскен өлеңдерді алдын-ала іріктеуден өткізуге;

- Ұйымдастырушылар сайтында әр автордың таңдалған шығармаларын жариялауға;

- Конкурсқа жіберілген өлеңдерді редакциялауға.

4. Конкурс ұйымдастырушылары қабылданған жұмыстарды редакцияламайды және олардың мазмұнына жауапкершілік алмайды. Конкурсқа қабылданған барлық жұмыстар авторлық редакцияда жарияланады.

 

Конкурс ұйымдастырушыларының байланыс деректері:

Әдеби конкурс ұйымдастырушыларының ресми сайты: www.kaznu.kz, http://tamyr.org

Өтініш беру мен жұмысты жіберетін электронды адрес: literaturakz2018@gmail.com

Телефондар: +7 (727)3773339 (ішкі 1328, 1330)

Басылым күні :  15.02.2018