Белгілі саяси және қоғам қайраткері, сыншы, журналист С. Әшімбаевтың 70 жылдығына арналған «Қазақ интеллигенциясы: қарыз бен парыз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология және әлем тілдері факультеті

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2017 жылдың 6 қазанында өтетін белгілі саяси және қоғам қайраткері, сыншы, журналист С. Әшімбаевтың 70 жылдығына арналған «Қазақ интеллигенциясы: қарыз бен парыз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференцияға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, жас ғалымдар қатыса алады.

 

Конференция аясында 4 секция жұмыс істейді:

1. С. Әшімбаев – әдеби сыншы, публицист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері;

2. С. Әшімбаев және қазақ әдеби сынның өзекті мәселелері;

3. С. Әшімбаевтың әдеби-публицистикалық мұрасы;

4. Жоғарғы оқу орындарында әдебиетті оқыту мәселелері.

 

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде болуы тиіс.

 

Мәтін компьютерде теріліп, төмендегідей техникалық шарттарға сай келуі керек:

Көлемі 5 бетке дейін болып, баяндама – Tіmes New Roman, 14 кегль шрифтерімен, әр жолдың арасы бір интервалдан терілуі шарт. Мақала беттерінің өлшемдері: үсті – 2 см, асты – 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 2 см.

Мәтін редакцияланып, электронды нұсқасы Word форматында сақталуы керек. Баяндаманың жоғарғы оң жағында автордың аты-жөні, жұмыс орны мен қызметі, ғылыми дәрежесі, мәтіннің ортасында баяндаманың атауы көрсетілуі керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі сілтеме реті бойынша баяндаманың соңында келтіріледі. Конференция материалдары жинақ ретінде жарыққа шығады.

Жарияланым бағасы – 4000 теңге.

 

Алматыға келуге байланысты барлық шығындар баяндамашылардың өз есебінен болады.

 

Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 15 қыркүйегіне дейін өтініш білдіріп, баяндаманы e-mail арқылы ұсыну керек.

 

Конференцияға қатысу жайлы өтініште төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:

Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми атағы

Жұмыс орны мен қызметі

Баяндаманың атауы

Мекен-жайы, телефоны, e-maіl

 

Конференцияға қатысу жайлы өтініш пен баяндаманы төмендегі мекен-жай бойынша жіберіңіздер: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы.

Телефон: +7 (727) 377 33 33 (ішкі 13-30), е-mail: esoltanaeava@mail.ru

Басылым күні :  02.12.2017