Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Т.Кәкішұлының 90 жылдығына арналған «Профессор Т.Кәкішұлы және әдебиет тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология және әлем тілдері факультеті

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2017 жылдың 23 қазанында өтетін көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Т.Кәкішұлының 90 жылдығына арналған «Профессор Т.Кәкішұлы және әдебиет тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференцияға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, жас ғалымдар қатыса алады.

 

Конференция аясында 3 секция жұмыс істейді:

1. Т.Кәкішұлы – ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері;  

2. Т. Кәкішұлы және қазақ әдебиеті тарихының мәселелері;

3. Т. Кәкішұлы және әдебиет сынының мәселелері;

4. Қазақ әдебиеті тарихы мен сынын жоғарғы және орта мектепте оқытудың мәселелері.

 

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде болуы тиіс.

 

Мәтін компьютерде теріліп, төмендегідей техникалық шарттарға сай келуі керек:

Көлемі 5 бетке дейін болып, баяндама – Tіmes New Roman, 14 кегль шрифтерімен, әр жолдың арасы бір интервалдан терілуі шарт. Мақала беттерінің өлшемдері: үсті – 2 см, асты – 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 2 см.

Мәтін редакцияланып, электронды нұсқасы Word форматында сақталуы керек. Баяндаманың жоғарғы оң жағында автордың аты-жөні, жұмыс орны мен қызметі, ғылыми дәрежесі, мәтіннің ортасында баяндаманың атауы көрсетілуі керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі сілтеме реті бойынша баяндаманың соңында келтіріледі. Конференция материалдары жинақ ретінде жарыққа шығады. Жарияланым бағасы – 4000 теңге.

 

Алматыға келуге байланысты барлық шығындар баяндамашылардың өз есебінен болады.

 

Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 1 қазанға дейін өтініш білдіріп, баяндаманы эл.пошта арқылы ұсыну керек.  

 

Конференцияға қатысу жайлы өтініште төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:

Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми атағы

Жұмыс орны мен қызметі

Баяндаманың атауы

Мекен-жайы, телефоны, e-maіl

 

Конференцияға қатысу жайлы өтініш пен баяндаманы төмендегі мекен-жай бойынша жіберіңіздер: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы.

Телефон: +7 (727) 377 33 33 (ішкі 13-30), е-mail: gulkataim@gmail.com  

Басылым күні :  27.03.2017